ҚАБАН ЖЫЛЫ ӨЗГЕ ЖҰЛДЫЗ БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕ БЕРЕДІ?

Астрологтардың айтуынша, 2019 жыл қайсар, жігерлі, батыл әрі ақылды адамды қолдайды. Кейбір жұлдыз белгісі аясында дүниеге келгендерге Доңыз жылы бақ қонады  деп жорамал жасалуда

Тоқты

2019 жылы тоқтыларды көптеген қызық­ты мүмкіндіктер күтіп тұр. Астро­логтар осы жұлдыз белгісінің өкілдері махаб­бат мен бизнесте және шығарма­шылықта табысқа жетеді деп болжайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында тоқтылар қосымша сенімділік пен табандылыққа ие болады.

 

Торпақ

Торпақтар 2019 жылы өз отбасына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуі керек. Астрологтар бұл жұлдыз белгісінің өкілдеріне 2019 жылы балаларына көп қамқорлық жасап, отбасылық ұяға жайлы­лық қосып, сүйіктісін одан әрі бақытты етуді ұсынады. Кейбір түсініспеушіліктерге қарамастан, тоқтылар 2019 жылы бизнесте табысқа жетеді.

 

Егіздер

Еңбекқорлығы мен адалдығы және жауапкершілігі үшін 2019 жылы егіздер барлық салада табысқа қол жеткізеді. Бұл белгі өкілдерінің махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. 2019 жылдың басында-ақ, өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспар­ларды жүзеге асыруға дайын болады. Екінші жартысын кездестіруге мүмкіндік беріледі.

Шаян

2019 жылы шаяндарда денсаулық бірінші орында болады. Осы белгінің өкілдеріне ақыр соңында, басқа адамдарға ғана емес, өзіне де қамқорлық жасауға уақыт келді. 2019 жылы шаяндар салауатты өмір салтын қайта қарастыратын болмақ. Астрологтар шаяндарға жақындарына көбірек назар аударуға және жайлы үй жағдайын жасауға кеңес береді.

 

Арыстан

Егер арыстандар 2019 жылы барлық оқиғалардың эпицен­трінде болудан қорықпаса, үлкен жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, бұл жұлдыз белгілерін ішкі өсу мен көпшіліктің назарында болу мүмкіндігі мол. 2019 жылы олардың беделі өсіп, алда жүреді. 2019 жылы арыстандардың жарқын жүзділігі мен ақкөңілділігі көп сәттілік әкеледі.

 

Бикеш

2019 жыл бикештер үшін де сәтті жыл болады. Көптеген мүмкіндіктерге ие болған бикештер жалқаулықтан толығымен бас тартуға және еңбекқорлыққа мұқтаж. Бұл белгінің өкілдерін көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан астрологтар бір мүмкіндікті жібермеу үшін батыл және үнемі мұқият болуға кеңес береді.

 

Таразы

Аз ойлап – көп әрекет ету! Таразылар 2019 жылы осы ұранды ұстануы керек. Шын­дығында, мүмкіндіктер көп болса, ойланудың қажеті де шамалы. Бірақ бұл сақтанудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. 2019 жылдың ішінде таразылар жұмыс пен бизнесте көптеген қызығарлық ұсыныстар алады.

 

Сарышаян

2019 жыл сарышаяндар үшін табысты болуға уәде етеді. Және 2019 жыл осы жұлдыз белгілерінің барлық өкілдерінің дұшпанына сәтсіз жыл болмақ. Ал сарышаяндар неғұрлым көп кедергілерге тап болса, олар соғұрлым күшті болады. Сондай-ақ, сарышаянның өздері күш-қуат пен белсенділікке ие болып, бизнесте табысқа жетеді.

 

Мерген

2019 жылы мергендер оң өзгерістердің нәтижесі ретінде эмоционалды жоғары сезімге ие болады. Жыл мергендер үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Жеке өмірдегі жетістіктер тіпті кәсіби саладағы мәселелерді де жеңе алады. Алайда, астрологтар мергендерде кәсіптік салада үлкен өзгерістер болмайды деп болжайды.

 

Тауешкі

Қабан жылы тауешкілер үшін жағымды тосын сыйларға толы болады. Қаржы мәсе­лесінде және жеке өмірде де кенеттен өзге­рістер болуы мүмкін. Сондай-ақ, келесі жылы болашақта мансаптық тұрғыда өсуге көмектесетін көптеген жаңа адамдармен таны­сасыз. 2019 жылы махаббат майда­нында да табысқа жету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

 

Суқұйғыш

2019 жылы суқұйғыш өз табиғатына байланысты бірқатар шағын мәселелерге тап болуы мүмкін. Ал ондай мәселелерді туыс­тары шешуге көмектесетін болады. Бірақ соған қарамастан, оларды көптеген жағымды оқиғалар күтіп тұр. Суқұйғыш­тар келесі жыл­ды жақын достарының ортасында өткізеді.

 

Балықтар

Астрологтардың сөзіне сүйенсек, балық­тар 2019 жылды өз мақсаттарына қолжеткізуге арнайды. Пайдалы нәрселер жайлы қиялдайтын балықтар сөзсіз табыс­қа жетеді. Әсіресе, шығармашыл балық­тар үшін қолайлы жағдайлар көп кездеседі. Қаржылық жағынан табысты бол­ғанымен, ақшаны бекер далаға шашпай, сақ болуы тиіс.

Ғаламтор көмегіне сүйене отырып,

бетті әзірлеген   –

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *