АБАЙЛАМАСАҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСIҢ.. .

Айнабай МӘДИ

Алматылық жол полицейлерi кешендi әрi кең ауқымды «Жаяу жүргiншi» шарасын өткiзiп, өткелектерде (зебра) көлiк апатына жол бермеудiң алдын-алуға кiрiстi. Мұның өзi жол қозғалысы ережесiн сақтап, балалар жарақатын азайтуға бiртабан жақындата түседi.

– Шараның мақсаты – жол-көлiк сараптамасы негiзiнде шаһардағы жол қозғалысы ахуалының тұрақтануын жеделдету. Ендi, реттеушiнiң белгiсiне бағынбай, бағдаршамның «қызылына» қыңқ етпей, рұқсат етiлмеген тұстан өткен жаяу жүргiншi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Осындай жедел iс-шара шаһарымыздың барлық ауданында тұрақты қамтылмақ, – дедi Алматы қалалық Жол полициясы басқармасы жол-патрульдiк қызметi бөлiмiнiң аға маманы Дәрмен Шыныбеков.

Жыл басынан берi Алматыда жаяу жүргiншiлердiң қатысуымен 76 жол-көлiк оқиғасы тiркелдi. Бұл – былтырғыдан 21 пайызға көбейген көрсеткiш. Көлiк апаты салдарынан 6 адам қаза болып, 73 кiсi түрлi дене жарақатын алды. Ал, жаяу жүргiншi кiнәсiнен орын алған 28 оқиға кезiнде 1 кiсi көз жұмып, 28 адам жарақаттанды.

– Жол қозғалысы ережесiн бұзған жаяу жүргiншi төменгi айыппұл ретiнде 5 айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 8090 теңге төлейдi. Егер, тәртiп бұзушылық қайталанса, жаза – 3 тәулiк мерзiмге қамауға ұласады, – деп мәлiмдедi бөлiм бастығы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *