АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

21 тамыздан бастап Алматы қаласында  балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының салдарынан орын алатын жарақаттардың алдын алу үшін «Абайлаңыз, балалар!» атты  шаралар өткізілуде. Қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын бұл шараның ең басты мақсаты – балалар мен ата-аналарға жол апаты мен оның себептерінен болатын қайғылы жағдайлардың алдын алуды ескерту болмақ.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Осы жылдың сегіз айының өзінде балалардың қатысуымен 681 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, сол болған жол-көлік апаттарының салдарынан 8 бала қайтыс болып, 749 бала жарақат алыпты. Сегіз айда сегіз бала жоғалту оңай емес. Ал жара­қат алғандардың арасында мүгедек­тікке шалдыққандары қаншама десеңізші. Бұл қайғылы оқиғаның барлығына бала­лардың абайсыздығы мен жол ережелерін білмеуі, рұқсат етілмеген жерлерді кесіп өтулері себеп болды. Дегенмен, жүргізу­шілердің де кінәлары аз емес.

Осындай қайғылы жағдайлар орын алмас үшін Алматы полициясы «Абайла­ңыз, балалар!» айлығы аясында «NOMAD-ІNSURANCE» сақтандару компаниясы­мен бірлесіп, №52 мектептің төменгі сынып оқушыларымен ойын түріндегі жол ережелерін сақтауға байланысты семинар-сабақ өткізді. Сабақ барысында «NOMAD-ІNSURANCE» компаниясының апаттық комиссарлар бөлімінің басшысы В.А.Пак, Алматы полициясы департаментінің УМПС басшысы, полиция подполковнигі Т.Исин, осы бөлім басшысының орынба­сары подполковник Е.Насырбеков, ерекше тапсырмалар бойынша аға инспектор Н.Джошова балаларға жолдан өту, апаттық жағдайларға ұрындыратын жағдайлардан сақ болу, қоғамдық көліктерде, жалпы көлік қозғалысы кезінде өзін-өзін ұстау ережелері мен сақтық шараларының қарапайым қағидалармен таныстырды. Жол ережелері туралы оқушылар тарапы­нан қойылған сауалдарға жауап берді.

«NOMAD- ІNSURANCE» компа­ниясы төменгі сынып оқушыларына арнап шығарған жол жүру ережелерінің бояма кітапшалары мен сақтық білезіктерін сыйға тарту етіп, балаларға жол қозғалысы ереже­лерін қатаң сақтауды ескертті. Өйткені, жол қателіктерді кешірмейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *