Абай жолын жүрекпен оқыңызшы

2013 жылы алғаш рет «Абай жолы» роман-эпопеясын оқығанымда қатты сүйсіндім. Оқып отырып бір жерінде күлсем, енді бір жерде жыладым… Романда айтылған оқиғалар, кейіпкерлер мен оның өмірі менің ойыма, дүниетанымым мен көзқарасыма өте қатты әсер етті…

Абайдың өзі мені кәдімгідей таңғалдырды. Оның табанды мінезі, өткір ақылы, шешендігі, даналығы мен жан-дүниесінің кеңдігі, жүрегінің жұмсақтығы, тектілігі мен өнегелігі мені қайран қалдырды… Оның адамдармен қарым-қатынасы, махаббаты, қамқорлығы, кіші­пейілділігі және халқына деген сүйіспеншілігі менің жан-дүниеме әсер еткені соншалық, менің санамда төңкеріс жасады… Кітапты оқып отырып мен қызғаныш, махаббат, өшпенділік, ар, қамқорлық, табандылық, адалдық, надандық, даналық пен сатқындықтың не екенін білдім… Бір ата-анадан мүлде екі бөлек балалар дүниеге келетінін түсіндім.

…Рухы мықты болу дегеннің мәнін түсіндім… Әкесінің балаларына деген махаббаты мен халқына деген махаббатының не екенін түсіндім… Таза, адал болу, лайықты болу мен құлай берілудің не екенін білдім… Дұшпан, ашу, үмітсіздік дегеннің не екенін ұқтым… Сені өз халқыңның түсінбеуі мен естімеуі қалай болатынын, соған қарамай халқыңа қызмет етуді тоқтатпау және көмектесу, ештеңеге қарамай өз халқыңды жақсы көрудің не екенін түсіндім… Үлкен арман-тілектің не екенін білдім… Айналаңды жақсартуға, гүлдендіруге ұмтылуға деген тілектің не екенін… Әділетті болудың не екенін ұқтым… Ұлы адам болудың не екенін және соған қарамай қарапайым әрі кеңпейіл­ділікті сақтаудың қандай болатынын түсіндім… Қазір тұлғалық дамуға байланысты кітап өте көп… Сіз «Абай жолын» оқыңызшы (қайталап оқыңыз). Абай жолын жүрекпен оқыңызшы. Сонда сіз моральдық және рухани, тіпті интеллектуалдық тұрғыдан өте жақсы өсесіз…

(Психолог Марзия Бекайдардың жеке парақшасынан).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *