«Абай жолын» сөздікпен оқыдым

1912Елге еңбегі сіңген музыкант ағамыз бір кездесуде:

– Алла Тағала адамның жер бетінде игіліктерге қол жеткізуі үшін көп мүм­кіндік берген екен. Тек жалғыз нәрсені – ниетті адамның еркіне қалдырған көрінеді. Сондықтан, өмірде кез келген нәрсе адамның ниетіне қарай беріледі, ниетіне қарай қол жеткізеді деген рас сөз, – деп ғибратты әңгіме айтқан еді.

Осы ниетке байланысты жақында ғана Шымкент өңірінің тумасы, Кеңес есімді ағамыз:

– Өзіміз өткен дәуірдің адамы бол­ғандықтан, мектепті орысша оқы­дық. Жоғары оқу орны, ортамыздың бәрі орыстілді болды. Заманның ағымымен жүріп, мен тоқсан бесінші жылға дейін қазақша бір сөз білмедім. Шыны керек, бір сөйлемнің басын құрай алмай­тынмын. Бірақ, қаным қазақ, жаным да қазақ болғандықтан, қазақша сөйлегім келді. Осы ойымды бір ағамызға айтып едім, бірден «Абай жолына» жөн сілтеп жіберді. Содан үйге келе салысымен «Абай жолының» бірінші томын ашып, жаныма қазақша-орысша сөздіктің екі томын қойып алдым. Түсінбеген сөз­дерімді жалма-жан сөздіктен іздеймін. Сөйтіп, «Абайдың» бірінші томын бір жыл бойы оқыдым. Тегім қазақ қой, қазір екі тілге де судай жүйрікпін. Қан­дай істі бастасаң да ниет пен табанды­лық керек, – деп ағалық ақылын айтып еді жастарға.

Осы секілді кез келген істе, тіпті, қазақ тілін үйрене алмай жүрген жандар үшін де алдымен шынайы ниет керек-ау, сірә?!

Әсел ДАҒЖАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *