«АБАЙ — СЕНІҢ, БЕРДАҚ – МЕНІҢ АҚЫНЫМ…»

Біле-білсеңіздер, бұрынғы өткен жыршы-жыраулардың туындыларында негізінде өз халқының өткен өмірі сөз болады. Мысалы, көпке белгілі Ақпан жыраудың толғауларында жергілікті қазақ халқының патша өкіметінің отарлау  езгісіне шыдамай көрші Қарақалпақ жеріне, одан әрі Хорезмге қарай үдере көшуі жайында айтылады. Бұл ретте қазақтың Әлім руынан шыққан Ақпан жырау белгілі қарақалпақ ақыны Бердақпен талай мәрте айтысқа түссе де, олар өзара жақсы таныс, сыйлас болған екен. Бұл жайында екі шайырдың шығармаларынан түрлі естеліктер мен үзінділер келтіріледі.

Осы ретте қарақалпақ ақыны Бердақ­тың «Қадірімді халық білер, халық білмесе балық біледі» деген жыр жолдары оның Арал теңізі жағасында өмір сүргенін байқатады. Осыған байланысты мен де өзімнің Әжінияз бен Бердақтың туған жер Мойнақтан екенімді жасырмай ашып айта аламын. Жалпы, Бердақтың тарихта қарақалпақ шежіресін жазып кеткені, ал Әжінияздың танымал қазақтың ақын қызы Меңдешпен айтысқаны жақсы белгілі. Осы орайда қазақ әдебиеті тарихында Біржан – Сара айтысынан кейін сақталып қалған екен. Бұл жайында белгілі профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің «Достық көшесі» деген еңбегінде «Бердақты Орталық Азия мен Қазақстан әдебиетінің ірі тұлға­лары қатарына апаратын басты қасиеті – оның шығармаларының халықтық идеясында, биік көркемдік сапасында жатқанында» деп атап тұрып көрсеткен екен.

Негізі, зер сала анықтай қарасақ, Бердақ ақынның:

«Шайыр едім, көзім көргенін жаздым,

Көкірегімнің сезіп, білгенін жаздым.

Заман қысуметінде сарғайдым, аздым,

«Болар ма?» деп жақсы күндер халық үшін…», –

деген өлең жолдарының мән-мағынасы ұлы ақын Абайдың:

«Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл, не жазып кетсе

Жайы сол, тек көрсеңдер – өзің біл!», – деген жолдарымен ұқсас келетінін байқағандай боласыз. Содан да белгілі ақын Еслам Зікібаев:

«Іні тыңдап, аға айтқан ақылын,

Бақ үні бір, шаттығы бір ағайын,

Абай — сенің, Бердақ – менің ақыным»,

деп толғай жырлаған екен.

 

Қуаныш САПАРНИЯЗОВ,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *