Абай Құнанбаевты ұлықтауға арналған поэзия мен музыка кеші өтті

 

Бүгін Алматы төріндегі  Республика сарайында қазақтың Бас  ақыны, ұлы ойшыл әрі  композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған Ұлы поэзия мен музыка кеші өтті.Тағылымды  шараға   Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері және т. б. қатысты.

Поэзия мен музыка кешінің  мақсаты –  Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау, дана да дара ойшылдың ілімдерін ұлықтау.
Шара барысында көрермендерге ұлы Абай шығармашылығы жан-жақты таныстырылды. Хронологияда көрсетілген эпизодтар поэзияны, музыка мен хореографияны біріктіретін негізгі мұралармен сипатталды. Кештегі  барлық шаралар Абай пейзаждарының суреттерімен үндесіп жатты.
Көрермендер кеш көріністерінен Абай  тұлғасының  қалыптасу мен даму кезеңдерін зерделеді.

Кеште ұлы Абайдың өміріндегі қалыптасу, даму кезеңдері ұсынылды. Іс-шара  «Әлем есігі» кіріспесінен басталып, жыл мезгілдеріне арналған Абай өлеңдерімен өрнектелді.

Сонымен қатар, сахнада ақындық-музыкалық, хореографиялық қойылымдар қойылды. Бұған дейін тек домбырада орындалған «Сегіз аяқ» әні эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әншілер Нұржан Жанпейісов, Ерлан Рысқали, Тілек Базаровтың орындауында шырқалды.

Кеш соңында өнер жұлдыздарымен қоса бүкіл көрермен қауым Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.Ұлы ақынның өлеңдері оқылып, Абай шығармасындағы қазақ әдебиетінің бірінші балладасы мотивтері бойынша тұңғыш рет  балеттік,хореографиялық миниатюра қойылды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *