АБАЙ МҰРАСЫ – ЖАСТАРДЫҢ ӨМІРЛІК БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, қазақ ұлтының біртуар перзенті, данышпан ұлы ағартушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өз үлесін өлшеусіз қосқан дара тұлға – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, мектебімізде бірнеше шаралар өтті.

Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып отыр.

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті теңдесі жоқ, алтын қазынасы.

Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, биыл мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақынның қара сөздері жазылған   бұрыш ашылды. Абайдың қара сөздері – ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.

Сондай-ақ, кітапхана А.Құнанбайұлының өлеңдер жинағын, қара сөздерін, Абай энциклопедиясын, М.Әуезовтің Абай жолы романының 4 томдығын (орысша, қазақша), ғалымдардың ақынның шығармашылығы туралы зерттеулерін біріктіре отырып, «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ұлы ақынның асыл-рухани мұраларын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, данышпанның терең ойлары мен көзқарастарын мейлінше кең тарату ісіне үлес қосу мақсатында мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5, 8-сынып оқушылары арасында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқудан поэзиялық кеш, ал мектеп кітапханашыларының  ұйымдастыруымен аудан мектептері арасында оқушылар Абайдың қара сөздерін мәнерлеп  оқудан байқау өтті. Әр өлеңінің мазмұны философиялық ойға құрылған ақынның өлеңдерін біз жақсы білеміз. Абай ұлттық мүдде ісіне аса дайындықпен келген адам, оның өлеңдері мен қара сөздерінің мағынасы осыны аңғартады. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір жастардың  жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады, әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, Абай жолымен жүріп, ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.

Данышпан, кемеңгер, ұлы тұлға Абайға қатысты әр дерек, әрбір тарихи жазбалар баға жетпес асыл құндылығымыз. Оны келешек ұрпаққа толыққанды жеткізу әр азаматтың  парызы, ал насихаттау міндеті болып саналады.

Сандуғаш ЕРМЕКБАЕВА,

№184 жалпы білім беретін

мектептің кітапханашысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *