Абай даңғылындағы Абайдың сәулелі сөзі

Бүгінгі қоғам ұлы Абай ой-өрісінің демімен тыныстап тұр. Ол оқушы мен студенттің, қарапайым жұмысшы мен Мемлекет басшысының арасындағы сабақтастықта жарасымды үйлесім тапқан.

 Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Ұлт руханиятының қалыптасуы мен дамуының сан қилы қатпарларын философиялық түйіндермен түсіндірген ұлы ақынның 175 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде тойланбақ. Демек, хакім Абайдың өсиеті қазақ ауқымымен ғана шектелмей, ол әлемдік тұрғыда аталып өтеді деген сөз.

Абай даналығы – жаназығы. Ол біздің азамат болып қалыптасуымыз бен бақытты кемелдікке жету жолындағы бағдаршамымыз.

Ұлт ақынының өлеңдері мен ғақлия сөздері – адамгершілік болмысының ұлы мұраты, адамның бақыты. Демек, қазақ халқының ұлттық тәрбиелеу жүйесін кеңінен насихаттау керектігі күмән тудырмаса керек. Әрбір отбасы, мектеп, қоғам балаларды азамат етіп тәрбиелесе ғана еліміздің болашағы болады.

Қазір жер-жерлерде көрнекті орындарға Абайдың қара сөздері жазылып қойылуда. Кеше Абай даңғылының бойына тастан ескерткіш қойылып, оған ұлы ақынның 18-ші қара сөзі жазылды.

Тас белгі табиғаттың өз сыйы. Тұрпаты Күлтегін ескерткішіне келеді. Биіктігі – 2,5 метр. Ақынның сәулелі сөзі жанынан өткен жанды назар аудартады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *