АҚЖОЛТАЙ АҚПАРАТ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері Жұмабек Тәше­новтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызмет деректері жан-жақты қарас­тырылған кітап жарық көрді. «Жұмабек Тәше­нов»  атты бұл кітапты Қазақ­станның мемлекет тарихы инсти­тутының ғалымдары — п.ғ.к. Сейітқали Дүйсен мен т.ғ.к. Қанат Еңсенов жарыққа шығарған.

Кітап авторлары кітапта қазақ тарихын зерттеуде жаңа концеп­туалды көзқарастарды негізге алады. 1955 — 1961 жыл­дары республикамыздың Жоғар­ғы Кеңесін басқарған тұста біртұтас қазақ жерін биік мін­берден қорғаған айтулы тұлға­ның біз білмейтін сыры мен қы­рының көп екені белгілі.  Кітап оқырман қауымды осы жағымен өзіне тартады.

ЖАРЫЛҚАП БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ — «МӘДЕНИ МҰРА» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Белгілі журналист-жазушы, түркітану саласының зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Жарылқап Бейсен­байұлы — оқырман қауымға жақсы таныс қаламгер. Ол бір кездері «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеді, кейіннен «Ана тілі» басылымына жетекшілік етті. 2004 жылдан бастап «Қазақпарат агенттігі»  ұлттық компаниясын­да қызмет атқарды. Таяуда Жа­рылқап Бейсенбайұлы Қазақ­стан Республикасы Ұлттық музейіне қарасты «Мәдени мұра» журналының Бас редакторы қызметіне тағайындалды.  Жаңа қызметімен құттықтай отырып, әріптесіміздің алдағы уақытта да  табысқа жете беруіне тілектесті­гімізді білдіреміз.

ЖЕТІ АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗДІ

Қазақстан  Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде 40 жасқа келген жеті ақын — Ә.Шегебай, Р.Нұрбай, А.Шамшадинова, Б.Алдияр, М.Шоқан, Б.Әшірбаев, Д.Берікқажыұлы шығармашылық кешін өткізді. Ақын Бауыржан Жақып жүргізген кеште ақын өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, кеште ақындардың сөздеріне жазылған әндер орындалды. Осының алдында ғана «Жеті бояу» деген атпен ақындардың жыр жинағы жарық көрген болатын. Кітаптың алғысөзін белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет жазған.

 «АҚШАМ —АҚПАРАТ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *