Аңызға айналған ханшайым

бейнесімен көрермен алдағы желтоқсан айында қауышады

Қапшағайда көптен күткен «Тұмар ханшайым» тарихи фильмінің түсірілімі басталды.

Қоюшы-режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, фильмді түсіру оңайға соқпайды. Ондағы негізгі оқиға Хорезм мен Кир шайқасы төңірегінде өрбімек. Кеңесші-тарихшылар түсіру алаңынан бір сәтке ажырамайтын көрінеді. Фильм кейіпкерлері негізінен ежелгі иран және түркі тілдерінде сөйлейді. Фильмге түсетін актерлер құрамы анықталғанымен, оның ішіндегі ең маңыздысы Тұмар ханым болса керек. Студияға осы рөлге 15 мыңнан астам адамнан ұсыныс түскен. Тұмар ханымның рөлін жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше адам сомдайды. Соның ішінде 7–10 жас аралығын 15 жастағы С.Серкебаева және Л.Фомина ойнайды. Ал ең негізгі, ересек Тұмарды 27 жастағы Альмира Тұрсын бейнелейді. Ол мамандығы бойынша психолог.

«Тұмар ханшайым» тарихи фильмін ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтау көзделіп отыр.

 

«Ақшам-ақпарат».     

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *