АҚЫН ШӨМІШБАЙ САРИЕВТІҢ АВТОРЛЫҚ КЕШІ

39Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Абай атындағы опера және балет театрында көрнекті ақын, әдебиеттанушы-ғалым, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, «Платина Тарлан» сый­лығымен Франц Кафка атындағы ха­лықаралық сыйлықтың иегері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің 70 жасқа толуына арналған «Айналдым қазақ деген халықтан мен» атты авторлық кеші өтті.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан ақын, әдебиет­танушы-ғалым Шөмішбай Сариевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Шөмішбай Са­риевтің 70 жасқа толуына байланысты Елбасының Құттықтау хатын табыс етті. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атам­құловтың құттықтауларын облыстар­дан арнайы келген өкілдер тапсырды.

Ш.Сариев қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының белгілі өкілдерінің бірі. Ақын ретінде де, ғалым ретінде де оның қаламынан туған әдеби-ғылыми шығармашылығы Тәуелсіз еліміздің руханиятына қосылған құндылық болып табылады. Сонымен қатар, ол ән мәтіндерінің авторы ретінде де танымал ақын. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып қызмет етіп келеді. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бері қазақ, орыс тілдерінде жиырмаға жуық кітабы шықты. «Сүйінші» ән өлеңдері жинақ боп басылған. Екі томдық шығармалар жинағы, «Шөл даланың ұлымын», «Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі», өзге де өлеңдер жинағы мен зерттеулердің авторы.

Шөмішбай Сариевтің авторлық кешіне Қазақстанның халық әртістері, музыка өнерінің жұлдыздары – Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова және Нұрлан Өнербаев, Майра Мұхамед­қызы, Әлішер Кәрімов, «МузАрт» пен «Дервиши» тобы қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *