АҚЫНҒА ЖӘНЕ ӨЛЕҢГЕ ҚҰРМЕТ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/6 түзеу мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні құрметіне «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Бұл кештің көрермендері жазасын өтеуші жасөспірімдердің өздері дайындаған концертті тамашалап, ақынның жырларын жатқа оқыған Әлихан, Нұрлан, Нұралы және Сухробек сияқты жасөспірімдердің өнеріне риза болды. Мұқағалидың өміріне арналған слайд көрсетіліп, ақынның алтын қорда сақталған өзі оқыған «Пай, пай, өмір» деген өлеңін тыңдады.

Жазасын өтеп жүрген Сағыныш, Әсет, Мұраттың орындауындағы Мұқағалидың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді», «Отыздан асып бара­мын» деген әндер де көп көңілінен шықса, жасөспірім Сухробек ақын­ның атақты «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан мәнерлеп үзінді оқыды.

Қарасаз, қара шалғын,

өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған

жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, бұл кеште ақынның өшпес өлеңдері ұрпақ­тан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанына куә болдық.

Поэзия кешін ұйымдастырушы түзеу мекемесіндегі орта мектеп директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айзада Әлиева мектепішілік «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын» атты жыр керуенінің талапқа сай өтуіне атсалысқан барлық оқушыға мекеме бастығы  әділет подполковнигі Е.Шә­ке­новтің Мақтау грамоталарын табыстады.

 

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *