Ағылшын тілін үйреніп жүрген қарттар да бар

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы Әуезов ауданында да ашылды

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында жастарға, көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы белгіленген. Өткен жылы Алматы қаласы  әкімдігі қаламыздың зейнеткерлеріне жүйелі түрде көмек көрсету мақсатында «Белсенді ұзақ өмір сүру» жол картасымен орталық ашу жолға қойылып, қазір осы жоба бойынша нақты іс-шаралар атқарылуда.

Жол картасының негізгі мақсаты – Алматы қаласында тұратын зейнет жасындағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл орталыққа келетін зейнеткер қарттардың қатары былтырғымен салыстырғанда 12%-дан асып отыр. Бір жылдың ішінде 2 мыңнан астам егде жастағы қала тұрғындары «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнайы орталығында және аудандық клубтарда спортпен шұғылданып, бір-бірімен араласып, компьютерлік сауаттылықтарын ашу үстінде. Тіпті, ағылшын тілін үйреніп жүрген қарттар да бар.

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат бас­қар­масына қарасты  «Белсенді ұзақ өмір сүру» орта­лығына бүгінде 3000-ға жуық егде жастағы алма­тылықтар белсенді түрде келіп жүр.  800 зейнеткер  жеңілдікпен  фитнес клуб­тарға ба­рып, өз денсаулықтарын қадағалауда. Қала бойын­ша  қосымша  56 әлеуметтік  клуб  ашылған.

Өз уақытын заман талабына сай тиімді өткізе білу қарттар үшін ғана емес, ең алдымен, келешек ұрпақ үшін маңызды. Ал үлкендеріміздің ұлық жасын қадірлеу – баршамыздың парызымыз. Еліміздің өркендеп-дамуына үлес қосқан әр саланың ардагерлері немесе зейнетке енді шыққан азаматтар үшін орталықтың тигізер пайдасы орасан. Сондықтан да дүниетанымы терең ардақты аға-апаларымыз бен жас ұрпақ арасында байланыс орнап, қарияларымызға деген қамқор­лығымызды арттыруға, олардың өмір сапасын жоғарылата түсуге бағытталып отырған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының ашылуы  ізгі бастама деп білемін.

Қоғамдық  қордың  қолдауымен, Алматы  қала­сының  Әлеуметтік  әл-ауқат басқармасы  құрған тегін орталықтар бар. Соның ішіндегі біздің Әуе­зов ауданы орталығының мекен-жайы: «Таугүл-3» ықшамауданы, Сүлейменов  көшесі, 3-үй, №104 автобустың соңғы аялдамасы, байланыс теле­фондары:   8-7771705870, 8(727) 227-34-55, E-maіl: іnfo_leadershіp@maіl.ru

Нұржамал НАНИЯЗОВА,

Әуезов аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің

бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *