«Ақылды үй» – қажет қызмет

«Алматытелеком» жайлы қызмет түрін ұсынады

Өңірдің бас байланысшысы заманауи «Ақылды үй» қызметін ұсынып отыр.

 «Ақылды үй» – бұл Net Open платформасы негізіндегі бүгінгі күн технологиялары жүйесі. Қызмет түрінің жұмыс істеуі – мобильді телефонға жүктелген қосымша арқылы пәтер, үйдегі қауіпсіздікті кешенді түрде алыстан бақылап, үйлестіру.

Оператор бұл қызметке қосу барысында тұтынушы үшін ғи­маратта қажетті құрылғыларды – ІР-камера, GRON/DSL техноло­гиясына қосылған датчиктер, басқару үшін орталықпен бай­ланысқан қосымша қондырғы, т.б. орнатады.

«Ақылды үй» қызметінің ар­тықшылықтары мен қажеттілігі басым. Қызметтің негізгі мүм­кіндігіне келер болсақ:

– «КТ Саm» мобильді қо­сым­­шасы арқылы жүйені бір жерден және нақты уақытта басқару;

– «КТ Саm» қосымшасы іОS/ Androіd негізіндегі кез-келген байланыс құралы арқылы қол­жетімді;

– Әлемнің кез-келген жері­нен, Интернет арқылы қызметті қолдану, басқару мүмкіндігі;

– Басқа қызметтер сияқты «Ақылды үй» қызметіне де «Қа­зақ­телекомның» бірыңғай төлемі.

«Ақылды үй» қызметіне қо­сылу және жан-жақты ақпарат алу үшін «Алматытелекомның» кез-келген сервистік жүйесі орын­дарына хабарласуға болады. Сондай-ақ, 160 нөмірімен ақпа­раттық қызметке немесе tele­com.kz сайтына шығуға болады.

 

Нұр ҚАЙЫР.    

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *