АҚЫЛДЫ ҚАЛА ЖОБАСЫ

12Қытайлық компаниялар «Алматы-2020 Даму бағдарламасына» қызығушылық танытты

Қала әкімі Бауыржан Байбек «CІTІC Resources» компаниясы мен «ІZP» корпора­циясының делегацияларын қабылдады. Отырыс барысында әртүрлі салаларда ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қала  басшысы айтып өткендей, соңғы алты айдың ішінде еліміздің инвестициялық және экономикалық жағдайын түбегейлі өзгерту туралы 80 заң қабылданған. Осыған байланысты шаһар басшысы Бауыржан Байбек Алматыда  инвестиция салу үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Бұдан бөлек, Алматының 2020 жылға дейін Даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі шет елден капитал тарту болып белгіленген.

Директорлар кеңесінің төрағасы және «ІZP» корпорациясының президенті Луо Фэн қызығушылық танытып, аталған бағдарламаның жүзеге асуына қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. Оның компаниясы «Ақылды қала» жобасын дамытуға ықыласты екендігін айтты.

– Біздің компаниямыздың «Ақылды қалаларды» дамытуда тәжірибесі мол. Халық тығыз қоныстанған Қытайдағы (Чжон Синг) жаңа технологиялар – соның бір дәлелі. Бұл Қытай қалалары арасында көш бастап тұр, – деді Луо Фэн.

Ал, «CІTІC Resources» компаниясы төрағасының орынбасары Сунь Ян Қытай Қазақстан нарығына қатысуын арттыра түсетінін және оның компаниясы елімізде клирингтік компания ашқысы келетіндігін мәлімдеді.

– Компаниямыздың қаржы саласында тәжірибесі мол. Өткен жылдың соңына қарай «CІTІC»-тің суммарлық активі 900 млрд. долларды құрады. Активтердің 80 пайызы қаржылық активтерге тиесілі. Тәжірибе алмасатын дүниелер аз емес, – деді Сунь Ян.

Ол, сондай-ақ, өз компаниясының Алматыда тауарлық биржа құруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

– Қазіргі таңдағы мұнай мен металл құнының төмендеген кезінде   фьючерлік және товарлық биржалар құрудың сәті түсіп тұр, – деді Сунь Ян.

Сонымен қатар, ол ҚР Президентінің Қытайға жасаған сапарында Қытайдағы халықаралық сауда комитеті мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арасында қазақ-қытай Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылғанын еске салды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *