АҚЫЛДАСҚАН АЗБАЙДЫ

дейді Қазақстанның xалық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов

Әуезов ауданына қарасты «Жетісу» ықшам ауданында орналасқан № 202 сайлау учаскесінің мүшелері учаскеге дауыс беруге келген Қазақстанның xалық әртісі Нұрғали Нүсіпжановты құрмет-қошаметпен қарсы алды.
Жетпіс деген асқарлы асудың жетінші асуына аяқ басқан әнші де өзге сайлаушылар сияқты өз таңдауын жасады. Дауыс беру жәшігіне сайлау парақшасын салған Нұрғали Нүсіпжанов қатты толқыды.
— Халық сенім артқан азамат егемендігіміздің беріктігі, елдің тыныштығы, ынтымағы үшін қызмет етуі керек. Бүгін дауыс беруге келген әрбір азамат Қазақстанның бүгіні мен ертеңі, келер ұрпақтың болашағы үшін дауыс бергенін, үлкен сенім артқанын білуі тиіс. Біз сенім арттық, сол сеніміміз ақталады деген үміттеміз. Халықта «ақылдасқан азбайды» деген сөз бар, көптің пікіріне құлақ асқан басшы адаспайды. Елге жақын ел басшысы болуын тілеймін, — деді әнші Нұрғали Нүсіпжанов.
Әнші мұндағы сайлау учаскесі мүшелерінің қызметіне, сайлау учаскесінің төрайымы Динара Сапароваға ризашылығын білдірді. Сайлау учаскесінің төрайымы Динара Сапарова сайлаушылардың сайлауға белсенді қатысып жатқанын, сайлау учаскесіне бірінші болып еңбек ардагері, сексен үш жастағы Рассказов Владимир Дмитриевичтің келгенін айтты.
Бақылаушылар ретінде сайлау барысын бақылап отырған «НұрОтан» партиясының өкілі Темірбаева Ақерке, «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу платформасының өкілі Әжібекова Бижамал сайлаудың белгіленген заң аясында өтіп жатқанын, сайлаушыларға дауыс беруге қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері де қызмет көрсетуде . Олар өздерінің қай учаске бойынша дауыс беретінін білмейтін тұрғындарға мекен-жай анықтамасын шығарып беріп, сайлау учаскелерін көрсетіп беруде. Ал ата-анасымен бірге кезектен тыс Президент сайлауына келген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3-курс студенті Аружан Мадыxанның қуанышында шек жоқ. Өйткені, ол бірінші рет сайлауға қатысып, өзінің азаматтық көзқарасын білдіруде. Елінің болашағына сенетін Аружан бұл сайлаудың маңызы зор екендігін, елдің тағдырына жауапты тұлға сайланатындықтан, дауыс беруге үлкен сеніммен келгендігін жеткізді.
-Жүріп -тұра алмайтын науқас жандар да дауыс беру үшін құрамында сайлау учаскесінің мүшесі, полиция қызметкерлері, бақылаушылар бар мобильді топ қызмет етеді, — дейді сайлау учаскесінің төрайымы Динара Сапарова. Бұл учаскеде дауыс беру әлі жалғасуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *