ҚАҢТАРДА БАСТАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен барлық балалардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Биылғы жылы да бұл іс-шара еліміз бойынша бастау алып, көмекке зәру отбасы балаларына қуаныш сыйлап отыр.

Осы акция барысында әлеу­меттік аз қамтылған отбасы, көп­балалы және ата-ана қамқорлы­ғынан тыс қалған балалардың барлығы қайырымды жандардың жүрек жылуына бөленіп отыр. Түрксіб ауданындағы Ақерке Мәмиева басшылық етіп отырған №31 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да осынау сауапты іс-шараға жұмыла кірісіп, балаларға көмек қана емес, жан жылулығын да сыйлады. Осы акция барысында кең жүректі, мейірімге толы ата-аналардың өздері бастама көтеріп, мектептің көмекке зәру балала­рына қол созып, қолдау білдірді.

Мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың көмегінің арқасында 15 әлеуметтік отбасының балаларына киім-кешек, кеңсе тауарлары мен азық-түлік табыс етілді. «Көп түкірсе – көл» деген емес пе? Ең бастысы – өзін ғана емес, өзгені де ойлаған жандардың адамгершілік қасиетіне тәнті болдық.

 

Жанат ҮЙСІНБАЕВА,

№31 мектептің әлеуметтік педагогі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *