ҚАҢТАРДА АЛМАТЫЛЫҚ 16 МЫҢНАН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

Қазірдің өзінде 5336 адамға мемлекеттік жәрдемақы төленген. 5-8 қаңтар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы бекітілген кестеге сәйкес жәрдемақы алушылардың есепшотына тиісті қаражатты аударды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан бойынша кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін осы қаңтар айында 17,7 млрд. теңге қарас­тырылған. Жуырда министрлік осы сумманың 12,5 млрд. теңгесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына аударды. Енді қалған 5,2 млрд. теңге жақын күндері аударылады дейді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаң­тарынан бастап, еліміздегі барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ай сайынғы жәрдемақы  кәмелетке толмаған төрт және одан да көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға беріледі.

Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай сара­ланады: төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге; бес балаға – 53 127 теңге; алты балаға – 63 757 теңге; жеті және одан да көп балаға – 74 388 теңге.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *