АҚТӨБЕДЕГІ ЖАҒДАЙ ЕЛБАСЫ БАҚЫЛАУЫНДА

Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов Президенттің Ақтөбедегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы бұл мәселені жеке бақылауында ұстап отыр. Күш құрылымдарына операцияны аяғына дейін жеткізу керек. Әкімдік пен барлық мемлекеттік органдарға тиісті шараларды қолға алу қажет. Артынан шешімдерді қабылдаймыз. Біздің шаруамыздың бітпеген тұстары бар екені айқындалды. Осы орайда тұтас шаралар кешенін қабылдауға міндеттіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен бұл мәселені жеке өзім бақылаутын боламын», — деді К.Мәсімов.

Отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккен 9 адамның ауыр халде жатқанын жеткізді. «Осы уақытқа дейін 38 адам медициналық көмекке жүгінді. Екі адам қайтыс болды. 20 адам ауруханаға жатқызылып, 14 адамға ота жасалды, тағы үшеуіне операция жасалып жатыр», — дейді Т.Дүйсенова.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *