«Ақшамның» жеңімпаздары белгілі болды

Қалың оқырманның сүйікті басылымы Қалың оқырманның сүйікті басылымы «Алматы ақшамы»  газеті ұзақ жылдан бері  жазылушылар арасында   ұтыс ойындарын  ұйымдастырып келеді

 

Рая ЕСКЕНДІР

Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл  ұтыс ойыны биылғы жылы да жалғасын тапты. Редакция ұжымы 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жазылғандар арасында ұтыс ойынын өткізген еді. Сонымен, Медеу ауданының тұрғыны, газеттің тұрақты оқырманы Дәмегүл Мұса­бекова жеңімпаз деп танылып, арнайы тігілген жолдамаға ие болды.

Дәмегүл  Үмбеталықызының   жа­сы 89-да. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнап, физика пәнінен сабақ берген екен. Еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданында бастап, кейін ҚазПИ-де (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) аға оқытушы болып қызмет еткен. Дәмегүл Мұсабекованың айтуын­ша, марқұм күйеуі де сол жерде қызмет етіп, химиядан сабақ беріпті. Өмірге  5 бала әкеліп, қазір 5 немере мен 5 шөбере тәрбиелеп отырған га­зеттің қарт оқырманы еліміздегі болып жатқан барлық жаңалық атаулыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп отырғанын жеткізді.

– Ғаламтор дейсің бе, ақпараттық технологиялармен ісім жоқ. Менің біле­тінім газет. Сондықтан биыл да «Алматы ақшамы» газетіне бір жылға толық жазылып қойдым. Мың жылдан астам тарихы бар қаланың барлық тұрғынын газетке жазылуға шақыра­мын. Ең бастысы ұтыста жеңімпаз болу емес, сүйікті басылымды қолдау, – деді Дәмегүл әжей.

Ұтыс жеңімпазына «Alatay Aqparat» ЖШС коммерциялық директоры Қуаныш Дюсқалиев «Жаңақорған Ақ шуақ» шипажайына тиесілі жолдаманы табыс етті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *