«АҚШАМ» АРҚАЛАҒАН АРУ

Мен – қарт зейнеткермін. Жасым 80-де. Алматы қаласы, «Әйгерім» ықшамауданында отбасыммен тұрамын. Осы «Алматы ақшамы» газетін жаздырып алып оқып жүргеніме оншақты жылдың жүзі болды. Сонда байқағаным, пошта тасып, адал қызмет етіп жүрген жастар, әсіресе, біздің учаскеде бес-алты қыз өте жауапкершілікпен қызмет етеді екен. Ең бастысы, газет шыққан күні қолымызға әкеліп тапсырады. Біз, қарт оқырмандар, әр аптаның үш күнін («Алматы ақшамын») асыға күтеміз. Қуана қарсы алып, қала жаңалығын және басқа жаңалықтарды, халыққа белгілі қайраткерлер туралы мақалаларды ескі танысымызбен кездескендей қуана оқимыз. Көршілерге, өзіміз қатарлы қарттарға «Керек дерек», «Қала қарбалас», «Оқи отырыңыз», т.б. әр түрлі ақпаратты хабарларды оқып, бір жасап қалатынымыз бар.

– Менің Алматыда тұрып жатқаныма 13 жыл болды. 9 жыл пошташы болып қызмет атқардым. Бұл қызмет үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап етеді. 5 учаскеде 5 пошташы жұмыс істейді. Әрқайсысының өзіне бекітілген учаскесі бар. Күнделікті ондаған үйді аралап, хат-хабар, газет-журналдарды таратамыз. Мені учаскемдегі тұрғындар жақсы таниды. Ылғи күтеді. Халықтың ортасында жүріп, еңбек ететініме мақтанамын. Үлкен-кішіге хабар таратып, батасын алғанға не жетсін, – дейді пошташы қыз Назгүл.

Мен «Әйгерім-1» ықшамауданы, Қожаханов көшесіне хат-хабар, газет-журнал тасушы Назгүл Сүйіндікова қызыма қарттық көңілден үлкен алғысымды айтып, оқырмандардың атынан «Халыққа қызметің одан әрі жалғаса берсін, абырой биігінен көрін, бақытты бол!» деп тілек айтқым келеді. Пошташы қызымның жұмыс уақытындағы суретін оқырмандар көрсін деп жіберіп отырмын.

Б.ТӘЖЕНҰЛЫ,

қарт зейнеткер, «Ақшамды» үзбей жаздырып

алып оқушы,  қала тұрғыны.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *