АҚШАҢ БОЛМАСА, АДАМ ЕМЕССІҢ

Біз қазір базардан қайтып келе жатқан адамбыз. Елдің келешегін ойлайтын да жасқа келдік. Бүгінде біздің кезіміздегідей емес, адамгершілік, мейірбандық сынды қаны­мызда бар қасиеттер тал бойымыздан алыс­тап бара жатқандай көрінеді. Өткен жолы осы басылымда «Бала бағатын кемпір бар ма?» деген мақаланы оқып, кәдімгідей ойла­нып қалып едім. Шынында да қазір үлкен­дерден де үлкендік қасиет күту қиын. «Бала­ны тусаң өзің үшін, өзің бақ» деп өз жөнін күйттеп кету де кездеспей қалмайды. Мақа­лада дұрыс айтылған. Үлкендеріміз жасаруды ойлап, тәрбие жасамыс тартып бара жатқаны шындық. Ал енді қазіргі қоғамда ақшаң бар болса, абыройың бар секілді көрінеді. Тіпті, бала-шағаңа ақша үшін керексің. Кейде керісінше балаңның табысы көп болса, бағы­ныштысың, тәуелдісің. Демек, бар құрмет, сыйластық тек ақшамен өлшенеді деген сөз. Бұдан кейін тәрбие туралы не деуге болады? Ақшадан да жоғары құндылықтар бар емес пе? Қадыр ақын дұрыс айтқан ғой, ақшаң болса сол құндылықты да сатып аласың. Сонда отбасы құндылықтары қайда қалды?

Халқымыздың басынан өткен зұлмат кезінде туған «алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» деген өлең жолдары қалып еді. Сол рас қой. Айтпағым, қазіргі үлкендер мен кіші­лердің басым бөлігінің өткеннің, дүние­нің қадірін білмей бара жатқаны да қабыр­ғаңа аяздай батады.

 

 Қ.ҚҰРАЛБАЙ.

 

«Өлсек дұрыстап, бүтін тіспен Өлейік»

Бір күні бір орыс кемпірі келді. Өзі зорға жүреді, жасы да жағаға келіп тұр. «Сынок, маған тіс салып бер» дейді. «Ойбай-ау, енді сізге тістің керегі не, оған ақшаңыз да жетпейді ғой» деймін. Ол кісі: «Сынок, ақшаны ойлама, өлсек дұрыстап, бүтін тіспен адам сияқты өлейік» деді.

Мен біздің шешелерімізді ойладым.

(Тіс дәрігерінің әңгімесінен). 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *