АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ ӨЛМЕС ӨЛЕҢДЕРІ

Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқудан байқау өткізілді.

Оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттап, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыруды. Мақсат тұтқан байқау тартысты өтті.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! –

деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, поэзия атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де – бізбіз.

Байқауға 1-4-сыныптар арасынан Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқитын, поэзияны сүйетін 22 оқушы қатысты. Байқау соңында 1-орынды 3 «в» сынып оқушысы Тұрсынжан Рамазан, 2-орынды 4 «б» сынып оқушылары Тұрсынбек Бүлдіршін, Бектұрсын Ердәулет, 3-орынды 2 «г» сынып оқушысы Құрманбекова Анеля мен 3 «д» сынып оқушысы Бауыржан Мұхаммед иеленді.

Қазақ поэзиясында шоқтығы биік М.Мақатаев өлеңдері бұл күндері ән болып шырқалып, жыр болып жатталып, өнерсүйер, жырсүйер халқымыздың мақтанышы, қадір тұтар қасиетті қазынасы іспетті шырқау көкте самғап келеді.

 

Сандуғаш БЕКБАТЫРОВА,

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *