«АҚ БҮЛДІРШІН» ДЕСЕ, БҮЛДІРШІН ЕКЕН

7Рая ЕСКЕНДІР

Елбасы өзінің Жолдауларында әлеуметтік нысандар салу үшін жекеменшік инвесторларды көптеп тарту қажет екендігін үнемі айтып келеді. Сондықтан, бұл бағытта мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеу­меттік нысандар бой көтеріп, олар халық игілігі үшін қызмет етіп те жатыр. Қаламыздың Медеу ауданына қарасты Каменское платоның тұрғын­дары да көптен күткен қуаныштың куәсі болып отыр.

Кішкентай бүлдіршіндердің игілігі үшін «Ақ бүлдіршін» деп аталатын жекеменшік балабақша ашылды. Көптен күткен қуанышты бөлісуге аудан тұрғындары жиналды. Осынау қуаныштың ашылуында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев сөз алып, мемлекетіміздің тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарға тоқталды. Сондай қамқорлықтың бірі – ашылып отырған балабақша екендігін айтып, биыл аудан аума­ғында әлі де бірнеше мектепке дейінгі мекеменің ашылғалы отырғанын жеткізді.

Осыдан соң сөз кезегін алған Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова ашылып отырған балабақ­ша, әсіресе, жас отбасылар үшін аса маңызды екенін айтып, «Осындай керемет ғимаратты ашып, бүлдір­шіндерге қолдау көрсетіп отырған кісілердің өздері адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандар екендігіне қуанып тұрмын. Неге десеңіз, ол кісілер балалар үшін ең қажетті, ауасы таза аймақты таңдаған екен. Таза ауа – жанға дауа емес пе? Балабақ­шаның орналасқан жерінің өзі бір керемет», – деді.

Ашылып отырған «Ақ бүлдіршін» жекеменшік балабақшасы 50 балаға жоспарланған. Әзірге мұндағы бүл­діршіндер саны 30-ға жетіп отыр. Ең бастысы, бүлдіршіндердің 25-і «Балапан» бағдарламасы аясында. Жалпы, Медеу ауданында 2014 жылы 8 жекеменшік балабақша болса, олар «Әйгерім», «Болашақ», «Жасдемейір», «Ваву Town», «Жан ұя», «Детское деревня SOS», «Сенім», «Нұр Әйбек». Осы балабақшалар 312 баланы қамтыса, 2015 жылы бұл балабақ­шалардың қатары «Раяна», «Ваву-Нұр», «Академи*Ка» деп аталатын балабақ­шалармен толығып, ауданның тағы да 120 бүлдіршінін орынмен қамтыған еді.

Бүгінгі таңда аудан көлеміндегі 11 мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекеме «Балапан» бағдарламасы аясында 467 бүлдіршінді орынмен қамтамасыз етіп отыр. Ағымдағы жылы тағы да бірнеше мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарлануда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close