Қаһарман ата құрметке бөленді

Желтоқсан желаяғы жетпіс беске толды  

№158 мектепте белгілі спорт шебері, марафоншы желаяқ Аухан Мұқатановтың 75 жасқа толу мерейтойы атап өтілді. Мектеп басшылығы қонақтарды қошемет­пен қарсы алып, өрендердің сахна­лық қойылымдары мен басқа да өнері тамашаланды. Шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқан «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев, Алмалы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік­болсын Арыстанұлы өз тілектерін білдіріп, мерейтой иесіне шапан жауып, қошемет көрсетті. Аухан ағамыз да жеткіншектерге спорттың пайдасы мен ұлттық-патриоттық тәрбие жөнінде әңгіме қозғады. Желтоқсаншылар тарапынан сөй­леген Гүлмира Шаникбаева, Шолпан Антаева, Аманғазы Кәріпжан, Бауыржан Шұғылдардан соң сөз алған Ұлжан есімді мектеп директоры көпке алғысын білдірді.

Аухан Мұқатанұлы – Желтоқ­сан ардагері. Спорттық жарыстарды бірнеше мемлекеттерде болып, оның бірқатарында жеңімпаздар санатына қосылған. Алпыстан аса медальдің иегері. Сондай-ақ, Алатаудың шың­дарының біріне көтеріліп, оған «Желтоқсан» деп ат қойған. Ол жерге желтоқ­саншылар ескерткіш тас орнатты. Тарихи оқиғалар болған жерлерге ондаған, жүздеген шақы­рымды жаяу жүгіріп барып, даталы мәдени шараларға да үлес қосуда. Қолдау тауып, мүмкіндік жасалса Меккеге де жаяу бармақ.

 

Ақерке КӘРІПЖАН,

Алматы қаласы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *