АҒАЙЫН АРАСЫНДА САҚТАЛУЫ ТИІС ҚАҒИДАЛАР

Осы қағидалар арқылы ағайынгершілік артып, бауырмалдық күшейеді. Бұл қағидалар сақталмаса ағайын арасы алыстап, сыйластық төмендейді

Әр адам ағайыннан не алсам деп емес, ағайынға не берсем деп ойлану керек. Көмек беру, қарайласу ағайын арасын жақындатып, сый-құрметті арттырады.

Ағайын  бай-кедей, мінезі жақсы-жаман болып бөлінбейді. Қандай болса да ол ағайының. Бар мінезімен, бар болмысымен сыйлап, араласуың керек. Егер бір ағайыныңның мінезі жаман болса түзеуге атсалыс, кедей болса барыңды бөліп бер. Қандай жағдайда да  ағайынды айыптауға хақың жоқ. Себебі, ол сенің  ағайының, бауырың!

Ағайын арасында кісілік, тәкаппарлық, басыну­шылық деген болмауы керек.Ұрсып жұмсау, жөнсіз айқай салу қағидалары ағайын арасында жүрмейді. Жасың үлкен болса, ағайын ініңе құрметпен қарауың шарт. Жылы сөзбен жұмсап, кішілік танытып тұруың керек.

Кішіге мінез көрсету, оны күшпен бағындыру – үлкеннің әлсіздігі. Қорыққан – сыйлайды, ұрған – құрметтейді деген қағида да  ағайын арасында жүрмейді. Сен жылы сөйлесең інілерің айтқызбай істейтін болады. Келіп сырласатын болады. Жұмсақтық пен мейірімділік, бауырмалдық –  ағайынгершіліктің басты ұстанымы болуы керек.

(Әлеуметтік  желілерден).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *