АҒА ҰРПАҚ БАТЫЛДАУ БОЛҒАН-АУ…

Ойтүрткі

moskrem84

Кейде маған «бізге қарағанда аталарымыз бен ағалармыз батылдау болған-ау?» деген ой келеді. Олай дейтінім,  Д. Қонаевтың талайымыз оқып тамсанған  «Өтті дәурен осылай» деп аталатын кітабында (40-бет) мынадай жолдар бар:

…1939 жылғы шілдеде наградталғандардың бәрі  Мәскеуге, Кремльдегі әйгілі Свердлов залына шақырылды. Награданы М.И. Калинин тапсырды. Залдағы көңіл-күй салтанатты әрі көтеріңкі болды.

– Наградталғандардың ішінен бәлкім біреу сөйлегісі келер? – деп сұрады Калинин.

– Мен! – деді  шымкенттік металлург орнынан атып тұрып және сол бойда мінбеге қарай шапшаң жүріп бара жатты. Менің жерлесім Калинин ақсақалдың  қазақша білмейтініне мән берген жоқ. Оның сөзін Калинин зейін  қоя мұқият тыңдап, басын изеп отырды.Сонан соң:

– Осы сөздің  аудармасын тыңдасақ болар еді? – деді.

Мен бірінші қатарда отырғанмын. Калининнің өтінішін естіген бойда орнымнан тұрып, үстелге жақындадым. Металлургтің жалынды сөздерін орысшаға аударып бердім. Балқаштықтар Михаил Ивановичпен фотосуретке түстік. Ол әзілдеп: «Ой, өздерің  қандай көпсіңдер! Бірақ әзірге мысты кемдеу беріп жатыр­сыңдар», – деді. Мені жақын тартып, қасына отырғызды.

Міне, осы эпизод-көріністен сол кездегі адам­дардың шынайылығы және батылдығы аңғарылады.

Ал, қазіргілерде жасандылық басым.  Кімнен, неден қаймығатынын  қайдам? Басшысы да қосшысы да кез келген алқалы жиында бір-екі ауыз қазақша бастайды да, артынан орысша сарнай жөнеледі. Ашып айтпағанымен  қарасы басым қазақы жұрттың көңілінде реніш пен кірбің қалады.

Ә. Маханбет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *