900 000 ТЕҢГЕНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАСАЛДЫ

229Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен Мәуліт мерекесінен түскен қаражаттың есебінен жетімдерге 900 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады.

Атап айтар болсақ, «Перзент» жетім балалар үйіне – 200 000 теңге, «Кәусарға» – 200 000 теңге, Алматыдағы жетім балалар үйіне – 200 000 теңге, Талғар қаласындағы жетім балалар үйіне – 200 000 теңге және Ақмола облысындағы 7 жетімді өз қамқорына алған имамға 100 000 теңге қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді.

Айта кеткен жөн, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жылы еліміздің имам-молдалары үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық іс-шараларын жиі ұйымдастыру. Мәуліт мерекесі аясында жасалған қайырымдылық осы игі істің бастамасы.

www.muftyat.kz

Бүгінгі Дұға

Иә, Раббымыз Алла! Біздерді Өзіңнен қорықпайтын жүректен, қабыл болмайтын дұғадан, дүниеге тоймайтын нәпсіден, жыламайтын көзден сақтағайсың!

Иә, Алла тағалам! Шын мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close