70-тен аса мәселе шешімін тапты

Жаңадан құрылып, қала аумағына кірген Наурызбай ауданының бой көтергеніне көп бола қойған жоқ. Бүгінде халықтың тыныс-тіршілігі бірқалыпты. Аз уақыттың ішінде бірқатар шаруалар шешімін тауып, ел игілігін көріп отырған жайы бар. Десек те, ауданның экономикалық даму көрсеткіші айтарлықтай жаңалыққа толы.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы аясында ауданда 70-тен аса тапсырма орындалды.

Құралай  ИМАНБЕКҚЫЗЫ

 

Ауызсу мәселесі өзекті

Аудандағы ең өзекті мәселе – ауызсу мә­се­лесі. Бүгінде наурызбайлықтардың 50 пайы­зы «Қарғалы», «Ақсай» өзендері арқылы алынатын ашық су тоғандарын пайдаланып отыр. 70-жылдары салынған су құбырлары 80 пайыз ескірген. Сол себепті, ауызсу сапасы төмен. Жаз айларында арнайы көліктермен су жеткізіліп отырды. Қосымша, «Ақжар» шағынауданында су көлемін көбейту мақса­тында 350 м. уақытша құбыр жалғанды. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі де дәл осы таза суға байланысты. Сондықтан бүкіл адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтыны ақиқат. Халық саны артып, экология мәселесі туындаған сайын судың қадірі де арта түсетіні белгілі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ауданға келіп, ең өзекті мәселелермен танысқаннан кейін ауызсу тапшылығын шешу жұмыстары қолға алынды. Сапалы сумен қамтамасыз ету үшін бүгінде 110 шақырым су құбыры мен 71 шақырым кәріс құбырын салу, сонымен қатар, «Ақсай», «Қарғалы» өзендеріне су станцияларының құрылысын жүргізу жобалары аяқталды. Бұл дегеніміз аудандағы 10 шағынауданның тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болады деген сөз. Бүгінгі күні «Таужолы», «Жайлау», «Құрамыс», «Ақжар» шағынаудан­­дарында құрылыс жұмыстары басталды. Қалған «Тау­самалы», «Тастыбұлақ», «Қарғалы», «Шұғы­ла», «Қарағайлы», «Каменка»  шағынау­дандарында биыл бастауды көздеп отыр.

 

18 жанұя тегін газ  жүйесіне қосылды

Қала басшысының көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған жанұяларды газбен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік жауапкершілік аясында 18 жанұя тегін газ жүйесіне қосылды, 28 отбасыға 50 пайыз жеңілдікпен қосылу мүмкіндігі қарасты­рылды.

 

Барлық көше жарықтандырылады

Өз алдына аудан болып құрылғалы бері Наурызбайда  жалпы ұзындығы 145 шақы­рым болатын 211 көшеге асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылған. Қала басшы­сының шет аудандарды толық жарықпен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында 310 кө­шеге жарық бағандарын орнатып, іске қосу ағымдағы жылы жүргізілетін болады.

 

Алматы қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

ҚАЛА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

  • Аумағы: 683,5 ш.км.;
  • Халық саны: 1 909,5 мың адам (1.12.2019 ж., өсім 3%).
  • Қаланың әкімшілік бөлінуі 8 аудан – (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Наурызбай, Медеу, Түрксіб).

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,4%-ға өсіп, 364,3 млрд. теңгені құрады (ҚР – 112,9%, 4 416,7 млрд. теңге, ҚР – дағы үлесі — 8,2%).

 

ЖӨӨ және экономика құрылымы

2019 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 8 210 млрд. теңгені немесе 104,8% құрады (ҚР — 104,3%, 44 297,9 млрд. теңге), ҚР-дағы үлесі — 18,5%).

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор

2019 жылғы қаңтар-жел­тоқ­санда негізгі 6 саланың даму серпінін қамти­тын қысқа мер­зімді экономика­лық инди­ка­тор 105,1% (ҚР – 105%) құ­ра­ды.

Инвестициялар

Қаңтар-желтоқсанда негізгі капи­талға инвестиция көлемі 8,3% өсім­мен 821 млрд. тең­гені құрады (ҚР – 8,5%, 12 545,9 млрд. теңге, ҚР-дағы үлесі 6,5%). Сыртқы инвести­циялар 152,6 млрд. теңгені құрап, 21,6%-ға өсті (үлесі – 18,6%).

Инфляция

Тұтыну бағаларының индек­сі 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 2019 жылдың жел­тоқсанында 105,2% құрады (ҚР-да 105,4%).

Өнеркәсіп

2019 жылы өндіріс көлемі 957,1 млрд. теңгені құрады. НКИ-104,5% (ҚР-103,8%, 29 102,9 млрд. теңге, ҚР үлесі — 3,3%).

Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 105,3% (758,5 млрд. теңге, үлесі – 79,2%, ҚР – 104,4%, 11 192 млрд. тең­ге, ҚР-дағы үлесі – 6,8%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 100,1% (171,3 млрд. теңге, үлесі 17,9%), сумен жабдықтау өндірісінің көлемі 28,8% (27,3 млрд. теңге, үлесі – 2,8%) өсті.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру

2019 жылғы қаңтар-желтоқ­санда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауда­ны 2 102 мың шаршы метрді немесе 2018 жылға 104,8% құрады (ҚР – 112,9%, 4 416,7 млрд. теңге, ҚР-дағы үлесі — 8,2%). Оның ішінде жеке құры­лыс салушылармен 611 мың шаршы метр немесе 2018 жылға — 74,8%.

Байланыс

Байланыс қызметтерінен түскен кірістер 473 млрд. теңгені құрады, НКИ-104,8% (ҚР — 5,2%, 800,1 млрд. теңге, ҚР-дағы үлесі — 59%).

 

КӨлік

Көлік және қоймалау саласының жалпы шығарылымы 11,9% өсіммен 1 172,9 млрд. теңгені құрады (ҚР – 5,1%, 8 165,8 млрд. теңге, ҚР-дағы үлесі 14,4%).

 

Сауда

2019 жылы бөлшек сауда көлемі 3 556,5 млрд. теңгені құрап, 12,1%-ға артты. 2019 жылы көтерме сауда көлемі 12 162,8 млрд. теңгені немесе 101,6% құрады (ҚР – 5,8%, 11 345,6 млрд. теңге, ҚР үлесі — 31,3%).

ШОБ

2020 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған ШОК субъекті­лерінің саны 190,2 мың немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге 109% құрады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *