«7-20-25» бағдарламасы халықты тұрғын үймен қамтудың ең тиімді тетігі

Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау және оларға диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандар дайындау — заман талабы.

Қазір жаңа заман талаптарына бейімөделіп, кез-келген өзгерісті қабылөдау үшін, ең алдымен, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтай отырып, терең білім мен зерделі ғылымды дамыту шарт. Әлемде орын алып отырған қаржы-экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан, елде  индустриалды-инновациялық бағдарлаөмалар қолға алынып, көптеген жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта, әсіресе, еліміздің ауылды дамыөтуға қатысты тың бастамаларының оң нәтиже бере бастауы көңіл қуанөтады.

Ауылды көркейту еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерінің бірі. Ел халқының 43,0 пайызы, яғни 8,0 млн. аса адамның ауылдық жерлерде өмір сүруінің өзі ауыл экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудың маңыздыөлығын дәлелдей түседі. Ауыл халқы қазір агроөнеркәсіптік секторды дамыөтуда қомақты табыстарға қол жеткізуде. Мысалы, соңғы 10 жылда ауыл шаруаөшылығының өндіріс көлемі 4 есеге, ал ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау 3 есеге өсті. Сондай-ақ, былтыр агроөөнеркәсіптік кешеннің ішкі өнім көлемі 4,0 трлн. теңгеден асып, Қазақстанның ЖІӨ-нің 7,8 пайызын құрады. Астық көлемі 21,0 млн. тоннаға жетіп, шет елдерге экспортқа 7,0-8,0 млн.тонна астық шығарылады. Бұл – Елбасының агросектор бойынша тапсырмасының орындалып жатқандығының дәлелі.

 

Сапалы білім мен инновация — ілгерілеу кепілі

 

Қазір ел экономикасын жандандыөруда бірінші кезекте әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті сапалы өнім көлемін молайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін ел агроөнеркәсіп кешенін «Ақылды, цифрлық технолоөгияөлар» арқылы дамыту қажет. Сондай-ақ, мемлекетке өзгеріс пен жаңалық әкелетін сала – озық білім мен инноөвация. Бірақ инновациялық технолоөгияларды осы салаға енгізу үшін отанөдық ауыл шаруашылығындағы бүгінгі өзекті мәселелерді шешу керек. Алдыөмен оның ішіндегі – агроқұрыөлымөдардың ұсақтығы. Бұл ретте ауылшаөруашылық өнім өндірумен 185 мыңнан аса агроқұрылым мен  1,6 млн. жуық үй шаруашылықтары айналысады. Ал агроқұрылымдардың 96 пайызы (177,6 мыңы) – шаруа қожалықтары. Олардың жер көлемі мен шаруашылық жүргізу деңгейі кең көлемде тауар өндіруге мүмкіндік бермейді. Жалпы, өнімнің 27 пайызы осы шаруа қожалықтарына тиесілі болса, оның 40 пайызы егіс алқабы 10 гектардан аспайтын фермерөлерге тиесілі. Бұл шаруа қожалықтаөрының 64 пайыз ауылшаруашылық алқаптары 50 гектарға жетпесе, ал 81,2 пайыз егістік алқаптары 50 гектардан аспайды. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен, негізінен, үй шаруашылықөтары айналысатынын ескерсек, мұндағы өнімділік пен бәсекеге қабілеттілік деңгейі өте төмен екендігін көреміз. Демек, елдегі барлық мал басының 52–63 пайызы үй шаруашылығында шоғырөланған, яғни оларға мал шаруашылыөғының жалпы өнімінің 74 пайызы тиесілі.

Ұсақ агроқұрылымдар өз өнімдеөрінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияны өндіріске енгізу, қауіпсіз азық-түлікті елді-мекенге жеткізу мәселелерін өздігінен шешуге қабілетөсіз. Сосын олардың білікті мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндіктері шекөтеулі. Олардың дені жас мамандарды лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағөдайөлармен, тиісті жалақымен қамтаөмасыз ете алмайды. Сондықтан аграрөлық мамандықтарды меңгерген түлекөтердің ауылдық жерлерге баруға құлөшыөнысы аз.

 

«Дипломмен — ауылға» бағдарламасына — аграрлық саладан үш мамандық қосылды

 

Бүгінде елде іске асырылып жатқан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына аграрлық саладан тек «Ветеринариялық медицина» мамандығы қосылып келген. Бұл ретте университет пен Ауыл шаөруаөөшылығы министрлігінің ұсыныөсымен осы бағдарламаға аграрлық саладан қосымша үш мамандық қосуға биыл ғана қол жеткізілді. Енді алдағы жылдан бастап жас агрономдар, балық және мал шаруашылығы мамандары қосымша қаржылық қолдау мен қажетөті әлеуметтік көмекке ие болып, төменгі пайызбен несие ала алады.

Ауылдық жерлерде, әсіресе, аграрөлық секторда қызмет ететін білікті жас мамандарды тарту үшін алдымен ұсақ шаруашылықтардың кооперацияға бірігуі мен ғылым, білім, өндіріс интеөграциясын қарқынды түрде жүргізу қажет. Осы ретте Елбасы облыс, ауданөдарда ғана емес, шағын ауылдарда да «бәсекеге қабілетті, мықты коопераөтивтер» құру қажеттігін атап өткен еді.

2015 жылғы «Ауылшаруашылық кооперациялар туралы» заңында осы кемшіліктерді жоюда экономикалық механизмер қарастырылды. Өндірістік және қызмет көрсету кооперативтері арасындағы құқықтық айырмашылық, пай үлестері мен кооператив жарғысыөның болуы міндеттелген. Кооперативөтердің қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты салық және монополияға қарсы заңнамаларға, жеңілдікпен несие алу шарттарына өзгерістер енгізілді. Барлық нарық субъектілері жеке, өзара бірлесіп және мемлекетпен бірге табыс табуда тең құқыққа ие болды.

Қазір еліміз агроөнеркәсіптік кешеөні алдында әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол жайлы Жолдауда: «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» делінген. Сосын елдің ауыл шаруаөшылығындағы жағдайды да өзгерту керек. Себебі, өндірілген 100 пайыз өнімнің тек 30–33 пайызы ғана қайта өңдеуге, тек 17 пайызы ғана экспортқа шығырылады. Сондықтан жаңа формаөция кадрларының тапшылығы сезілетін қайта өңдеу кәсіпорындары мен АӨК-тің басқа да салалары үшін мамандар дайындауды күшейту керек.

 

Агроөнеркәсіп кешенін «Ақылды сандық технологиялармен» дамыту — өзекті мәселе

 

Бүгінде Президенттің бес әлеуметтік бастаөмаөсында көтерілген мәселелерді талқыөлау, оны дұрыс іске асыру өзекті болып отыр. Мысалы, биыл студентөтерге арналған білім беру гранттарын 20 мың бірлікке көбейту жөнінде нақты тапсырөма берілді. Оның 11 мыңы ақпаөраттық технология, робот техникасы және нанотехнологиялар саласындағы инжеөнер мамандарды оқытуға бағытөталмақ.

Елбасының бұл ұсынысы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті ұжымын ерекше қуантып отыр. Себебі, еліміз агроөнеркәсіп кешенін «Ақылды сандық технологиялар» арқылы дамыөтуды іске асыру – кезек күттірмейтін мәселе. Сол себепті, мемлекет тарапыөнан, бірінші кезекте, еліміздің жарқын болашағына қызмет ететін жастарға үлкен қамқорлық жасалуда.

Үндеуде Елбасы 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қатысуымен 75 мың орынды студенттік жатақханалардың салынуы керектігін айтты. Ал бұл 98 пайыз ауыл балалары білім алатын біздің университет үшін оң бастама. Бұл ретте ҚазҰАУ-де жатақхаөнаға мұқтаж студенттердің 56 пайызы ғана орынмен қамтылған. Ал бүгінде бізде 2000 студент жатақханаға мұқтаж. Сондықтан жоғарыдағы бастаөма аясынөда университет 450 орынды жатақхана салуды көздеп отыр.

Университет оқытушыларының негізін жас ғалымдар құрайды. Олардың көпшілігі баспанамен қамтамасыз етілмеген. Үндеудегі әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге қатысты бастама, әсіресе, жас отбасылардың баспаналы болуы үшін жасалған оңтайлы қадам екені анық. Елбасы ұсынған әлеуметтік маңызы бар «7-20-25» бағдарламасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең тиімді тетігі екені рас. Университетте бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы аясында 185 білім беруші мен қызметкер қамтылды.

Тағы бір ерекше бастама – ол еңбекөақысы төмен қызметкерлерге салық төлемін төмендету. Енді еңбекақысы 60 мың теңгеден төмендер 9,5 пайыз орнына 1,0 пайыз ғана салық төлейді. Бұл, әсіресе аграрлық салаға үлкен көмек. Себебі, қазір ауыл шаруашыөлыөғында еңбек ететін адамдардың орташа еңбек ақысы 80 мың теңге. Сосын, өз бизнесін, кәсібін ашып, дамытқысы келгендерге жеңілдетілген шағын несиеөлер беріледі. Оған биыл мемлекетттік бюджеттен 62 млрд. теңге бөлінеді.

Біздің студенттердің бизнес-жобаөларын әзірлеп, нарыққа дайын болып шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ретте университетте студенттердің стартап-жобалар байқауы ұйымдастырылып, олардың 70 пайызын өндіріске енгізуге болады.

Қысқасы, Елбасының стратегиялық бастамалары тәуелсіз Қазақстанның инновациялық бағыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Әрине, бұдан кейін де біздің ҚазҰАУ ел ауыл шаруашылыөғына қажетті кәсіби маман дайындаумен қатар, салаға қатысты мемлекеттік бағөдарламаларды халыққа кеңінен түсінөдіру мен оны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

 

Үкілай КЕРІМОВА,

ҚазҰАУ Стратегиялық даму басқармасының басшысы, э.ғ.д, профессор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close