№69, №133 жолаушылар бағытына үлкен автобустар керек

№69, №133 жолаушы автобусы­ның өте нашар қызмет көрсететіні жайлы жиындарда, баспасөз бет­терінде айтылып, жазылып келеді. Бірақ тиісті басшылар халық талабын орындауға асығар емес. Дерек, дәйекпен сөйлейтін болсақ, 14.11.2018 жылы қалалық Жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масы басшысының орынбасары арызы­мызды жеке қол қойып алып, әрі кетсе 5 желтоқ­санға дейін орта сыйымдылықтағы «ЛиАЗ» автобусын жібереміз деген уәде берген болатын. Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Адиловтың сол уәдесін орындауын өтінеміз.

Алатау ауданының әкімі Ш.Рыс­паев жыл қорытындысының есеп беру жина­лысында «Құрылысшы» ықшам­ауданы тұрғындарының №133 жолау­шылар көлі­гіне қарата айтылған сынына қала әкімдігінің араласуымен аталған автобус бұдан былай уақы­тылы жүреді деп халықты сендірді.

Неге екені белгісіз, көп кешікпей №133 автобус бағыты жабылып қалды. Алатау ауданы тұрғында­рының атынан №133 жолаушылар көлігінің қайтадан жүр­гізілуін, жоғарыда айтылған ауылдардың ішімен, Ә.Бөкейханов, Райымбек даңғы­лымен «Саяхат» бекетіне дейін жаңадан жолаушылар бағытының ашылуын сұраймыз.

29.11.2018 жылы сағат тілі таңертеңгі 9.45 №69 автобус, борт нөмірі 671 ДД02 «Жетісу» базары бағытына адам көп болғандықтан, салондағы әйел адамға ауа жетпей, қысылып, есінен танып қалды. Жо­лаушылар «жедел жәрдем» шақы­рып, «Военкомат» аялда­масынан көмектесіп жүріп түсіріп кетті.

10.12.2018 жылы кешкі сағат 18.10 кезінде Абылай хан даңғылы аялдамасында №69 автобус, борт нөмірі 27802 Ұлжан бағытына адам көп деп тоқтамай өтіп кетті. Сәлден кейін сағат 18.30 №69 автобус, борт нөмірі 15602 келіп тоқтады. Бірақ онда да автобус салоны лық толы болғандықтан, көп адам отырмады. Одан кейін келген автобусқа отырғанбыз. Автобус ішінде тағы бір әйел адамның жүрегі қысылып, аязды күнде терезені ашып жүруге тура келді. №69 бағыттағы қазіргі автобустар 18 орындық, іші өте тар, кірсең шыға алмайсың, айналып жүре де алмайсың. Балалы адамдар, екіқабат әйелдер, мүгедек жандар мен зейнеткерлерге өте ыңғайсыз. Ішінде жалғыз-ақ «Оңай» аппараты орнатылған.

Бұл өтінішке Алатау ауданы «Дархан», «Ұлжан-1», «Байбесік», «Питомник», «Өжет» ықшамауданы тұрғындары Д.Нұры­шев, Б.Нұры­шев, Б.Селеу­баев, Б.Ал­ламбергенов, Ш.Сұлтанов, С.Кешкен­баев және тағы 18 адам қол қойған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *