65 ЖАСТАН АСҚАН ЖҮРГІЗУШІ

2038екі жыл сайын медициналық тексеруден өтеді

Механикалық көлік жүргізетін 65 жастан асқан азаматтар екі жыл сайын міндетті түрде медициналық тексеруден өтетін болады.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, бұл «Жол қозғалысы туралы» Заңның 29-бабына сай, ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап күшіне енеді», – деп хабарлайды 1720.kz.

– Қазіргі таңда жол жүру куәлігі 10 жылдан асқан барлық жүргізушілер  куәлікті ауыстыру барысында медициналық тексеруден өтуі тиіс. Жаңа Заң енгізілген соң бұл талап 65 жастан асқан азаматтарға да қатысты болады, –  деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз-хатшысы Ирина Лукьянина.

Заң бойынша жолаушылар мен қауіпті заттарды тасымалдайтын жүргізушілерді медициналық тексеруден қайта өткізу, сондай-ақ, осы дәрежедегі елу жастан асқан жүргізушілерді жыл сайын тексеру қарастырылуда.

Айнабай МӘДИ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *