57 ЖУРНАЛИСТ КӨЗ ЖҰМҒАН

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіби қызметіне байланысты әлемнің әр елінде 57 журналист өмірден озған. Тәуелсіз құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, бұл 2017 жылға қарағанда екі адамға көп. БАҚ-тың 55 тілшісі көз жұмған. Олардың басым көпшілігі әскери кикілжіңдер аумағында өлген. Журна­листердің көбі Ауғанстан, Мексика, АҚШ-та жүріп көз жұмған. Соның ішінде ресей­лік үш журналист – Орхан Джемаль, Александр Росторугев, Кирилл Радченко Орталық Африка республикасында қайт­пас сапарға аттанды.

Әйелдерге бет бұрды

АҚШ-тың Сан-Францискодағы қала­лық кеңесі қалалық мәдениетті қаржылан­дырудың 30 пайызын әйелдер бейнесін бедерлеуге жұмсау жөнінде шешім қабыл­дады. Кеңес өкілдерінің айтуынша, әйелдер тек саясатта ғана емес, қоғамдық кеңіс­тіктегі өнер саласында да азшылыққа, тіпті, кемсітушілікке ұшырап отырған көрінеді. Оның бір дәлелі, бүгінде қалада 585 өнер туындысы болса, оған қосымша тағы 85 мүсінді алыңыз, соның ішінде екеуінде ғана әйел бейнеленген. Онда да оның біреуі қазіргі санитарлық үйдің негізін қалаушы Ф.Найтингелге, ал екіншісі 1992 жылдан АҚШ сенатындағы Калифорния­ның тірі өкілі Д.Файнстейн көрінеді.

Әкімдік үйі қаңғыбастардың қонысына айналмақшы

Франция астанасының мэрі Анн Идальго қалалық әкімдік қаңғыбастар үшін тек жатар орын емес, олар мұнда дәрігерлік көмек алады, ыстық тамақ ішеді, суға түседі деп мәлімдеді.

Өткен жылдың ақпан айында Париж мэриясы еріктілердің көмегімен астанада қанша үйсіз-күйсіз жүрген адамдардың санын біліп, шағын санақ жүргізген болатын. Есесіне бүгінде 3035 париждіктер баспанасыз жүргені анықталды. Қала мэрінің айтуынша, қаңғыбастар үшін Парижде 300 орындық 8 орын ашылмақшы. Соның бірі Париж мэриясының ғимараты болмақшы. Сонымен қатар, бұл іске белгілі кәсіпкерлердің, ауқатты адамдардың қолұшын беруін өтінді.

Трамптың келіншегі құқ етпеді

АҚШ президенті Дональд Трамп келіншегі Меланияны мақтады. Мела­нияның ұшағынан ұшу кезінде түтін шыққанын ұшқыш хабарлағанда, ол мыңқ етпепті. Президенттің өзі оған бұл жөнінде абыржып айтқанда, «енді мұндай сөзді айтпашы» деп жай ғана өтініш жасапты. Тіпті, абыржып кеткен ұшқыш­тардың өзі Меланияның мына асқан сабырлығына таңқалыпты.

– Осындай сәтте ол өзін қалай ұстады деп ойлайсыз? Жұрттың бәріне дымқылданған сүлгі үлестірілді. Себебі, тыныс жолдарын сақтау үшін түтіннен осылай қорғануға болады. Ал ол болса, оны пайдалануды қажет деп санамады, өзін өте байсалды ұстады. Ол сондай, ол бірінші ғажайып ханшайым, – дейді Дональд Трамп.

Меланьяның ұшағы Мэрилендтегі әскери базаға түтінденген соң қайтып оралды.

 

Біртүрлі тағамдар мұражайы

Естімеген елде көп. 31 қазанда швед шаһары Мальмда біртүрлі тағамдар мұражайы ашылмақшы. Мәселен, онда исландықтардың бұзылған акула етінен дайындалған ұлттық тағамы хаукарльді, сондай-ақ, өзінің аса жағымсыз исімен мәлім экзотикалық көкөніс дурманды көруге болады. Сонымен қатар, шведтің ұлттық жеңсік асы стремминг те көрменің қақ ортасынан орын алады. Бұл бұқтырылған қалбырдағы ас өзінің ғажап исімен даңқы шыққан.

Мұражайдағы тағамдардың басым көпшілігі исін жоғалтпас үшін арнайы ыдыстарда сақталады.

Мұражай келесі жылдың қаңтарының соңына дейін жұмыс істейді.

Даулы диссертация

Испанияда ел үкіметінің басшысы Педро Санчестің докторлық диссертациясы тақырыбының түпнұсқасы дауға айналып жатыр.

Бұл еңбекке күдік білдіру Денсаулық сақтау министрі Кармен Мотроннан басталған. Ол қызметтен кеткен соң Азаматтық партиясының көшбасшысы Альберт Равер диссертациясының түпнұсқа­сына күдік тумас үшін оның баспасөзде жариялануын өтінеді. Алайда, ол бұдан бас тартады.

Осыдан соң бұл ғылыми еңбектің белгілі бір бөлігін өнеркәсіп министрлігінің қызметкерлері жазып шыққан деген сөз таратады. Бұл жөнінде бұған дейін жақ ашпаған осы ведомство басшысы Мигель Себастьян мәлімдеді.

Алда бұл еңбектің кімге тиесілі екені арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы тексеріліп, айқындалмақшы.

Р.S. Петербордағы Лесгафт атындағы денешынықтыру, спорт, денсаулық ұлттық университетінде көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Алина Кабаева да диссертация қорғады.

Оның жұмысы «Мектепке дейінгі балаларды көркем гимнастикаға дайын­даудағы спорттық-салауаттық кезеңнің маңыздылығы» деп аталады.

Ғылыми кеңес диссертацияны мұқият тыңдап қолдады.

13 жасар банкир

Перудің жас тұрғыны Хосе Кондори 7 жа­сында жекеменшік банктің негізін қалады. Қазір ол 13 жаста. Оның 2 мыңға жуық салымшылары бар. Олармен ересек банкирлер келісім-шарт жасады. Балалар жинақ банкін құру идеясы оған 2012 жылы күтпеген жерден келді. Оған құрдастары­ның ақшасын ойыншыққа, тәттіге шығын­дайтыны ой салады. Содан бұған балаларға ата-ананың көмегінсіз қалай табыс табуға болады деген ой келеді. Содан бұл қалдықтар, қоқыстарды қайта өңдеу туралы ойлай бастады.

Балақайдың банкі қарапайым жүйеде жұмыс істейді. Оның салушылары өңдеуге жарайтын 5 келі қоқыс әкелсе (макулатура, пластик, т.б.) жарап жатыр. Әр ай сайын бір келіден кем емес қоқыс, яғни «мүшелік жарна» төлеуі қажет.

Кондори жергілікті кәсіпорындармен қоқыстар өңдеу жөнінде келісімге отырған. Түскен ақша балалардың есеп-шотында жинақтала береді. Ақшаны алуға ата-ананың да құқы жоқ, балалардың өзі ғана шешіп алады.

Таяуда Перудің ұлттық банк өкілдері Хосеге хабарласып, бірлесіп жұмыс істеуге, бірге кәсіпорын ашуға ұсыныс білдірді. Шынын айтқанда, мен өзім ересектермен араласқанда өзімді жақсы сезінемін, өйт­кені олар менің ұсынған жобаларыма түсі­нікпен қарайды» дейді бүлдіршін бизнесмен.

20 жылдан соң

Орланд шаһарының тұрғыны Вера Уолкер 1998 жылы төрт жасар немересі үшін белгілі американдық балалар жазушысы Сьюздің кітаптарына тапсырыс берген еді. Алайда, ол жөнінде Уолкер ұмытып та кеткен. Дегенмен, кітаптар биылғы жылдың қыркүйе­гінде оның қолына тиеді. «Мен әлгі қорапты ашып, өз көзіме өзім сенбей қуанғанымнан айқайлап жібердім» дейді ол. Пошта қызметкерлері оның осынша уақыт кешігуінің себебін ескі пошта жәшігінде қалып қоюымен түсіндірді.

Бұл тосын сыйға зор түсінікпен қарап жымиған ол бәрібір олжалы еді. Енді оны бес жасар шөбересі оқитын болады.

 

Қ.ИМАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *