5 жасар мысық үйді күзетеді

Петрозаводск қаласының тұрғыны жұртшылыққа өзінің 5 жасар алып мысығын таныстырды. Максимус аталатын мысықтың қожайыны оның жөнсіз сылап-сыйпағанды ұнатпай­тынын айтып, пәтерді күзете білетінін жеткізген.

Салмағы 10 келі келетін 5 жасар мысықтың әкесі мейн-кун тұқымынан, ал анасы сібір мысығы көрінеді. Мы­сықтың қожайындары оның мінезінің қыңыр әрі дөрекі екенін алға тартып, бүгінге дейін мысықтарға арналған 2 шылбырды үзіп тастағанын, сондықтан қазір иттерге арналған шылбырмен жүргенін тілге тиек етуде. Мысық қожайындарының аяғында жатып, кешкісін ертегі тыңдағанды ұнатады екен.

 

10 келі, 8 метрді құрайтын Құран көрмеге қойылды

Сауд Арабиясының Катиф қаласында қасиетті Құран Кәрімнің түрлі нұсқалары көрмеге қойылды, деп хабарлайды muftіyat.kz.

Құнды жәдігерлер арасында осыдан 700 жыл бұрын жазылған қасиетті жазба нұсқалары кездеседі. Салмағы 10 келідей келетін сегіз метрлік Құран да аталмыш көрменің сәнін келтіріп тұр. Құран Кәрімнің нұсқалары арасында түрлі тілдердегі аудармалары, тіпті, Луи Брайль тіліне тәржімаланған нұсқасы да орын тапқан.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *