49 журналист көз жұмды

Өмірде аса қауіпті кәсіп иелерінің бірі журналистер болып отыр. Биылғы жылы өзінің кәсіби міндетін адал атқару барысында 49 журналист көз жұмыпты.

Бұл жөнінде «Репортеры без границ» ұйымының баяндамасында мәлім болды. Биылғы жылы әсіресе Мексика мен Сирияда журналистер қазасы басым болды. Аса қауіпті кәсіп екеніне қарамастан журналистер өлімі биыл соңғы 16 жыл ішінде былтырғыға қарағанда азайған. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр әлем бойныша 80 БАҚ өкілдері өмірден озған.

 

Уранын қызғыштай қориды

Қырғызстан президенті Сооранбай Жэнбеков ел көлемінде табиғи байлықтарды зерттеу мақсатында уран және басқа кен орындарына жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарына тыйым салды. Сондай-ақ, бұл орындарды одан әрі ұстап тұру үшін жекенің қолына беруге және Қырғызстанға басқа өнімдермен қатар уран қалдықтарын әкелуге түбегейлі қарсылық білдіретін заңға қол қойды.

 

Өзбектердегі өзгеріс

Тhe Economіst атты британ журналы соңғы жылдардағы Өзбекстандағы өзгерістер туралы жазыпты. Редакциялық мақалада Орталық Азия елдеріндегі реформаның жеделдетілуіне тоқталады. Мақалада: «Осыдан үш жыл бұрын Өзбекстан кешегі кеңес үкіметінің диктатуралық деңгейінен аспаған, жабық қоғам, түбірімен қатал ел еді» делінген. Сондай-ақ, аталмыш мақалада бұл режим мыңдаған ерлер мен әйелдерді далада қатаң тәртіппен жұмыс істеуге мәжбүрлегенін де жазады. Осыдан үш жыл бұрын диктатор И.Каримовты ауыстырған Ш.Мирзёев әуелде не істерін білмей қалған шығар. Дейтұрғанмен де, ол 2018 жылы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р.Иноятовтан құтылған соң реформаларды батыл қолға ала бастағаны кәміл еді.

«Оның үкіметі белгілі бір деңгейде мәжбүрлеп жұмыс істеуді тоқтатты, бірден-бір қатыгез түрме «жаслықты» жапты, шенеуніктердің бизнесмендерді үздіксіз тексеруіне тосқауыл қойды, елге шет ел журналистерінің кіруіне рұқсат берді, шекаралық кедергілерді алып тастады. Мемлекет экономикасын қайта құру үшін шетелдік технократтарды шақыра бастады» деп атап көрсеткен белгілі басылым.

 

Мақта мазаны алып тұр

«Азаттық» радиосының мәліметіне сенсек, Өзбекстанда осындай іргелі өзгерістер болып жатқанда Түркіменстанның Ахал уалаятында прокуратура фермерлерді мақтаны дер кезінде жинап алмағаны үшін жауапқа тарта бастады.

Прокуратура олардан мақтаның орнын ақшамен жабуды талап етуде. Қарсылық көрсеткен жағдайда оларға қарсы қылмыстық іс қозғалатынын ескертуде. Бұрыннан да мәлім болғанындай, мақташылар табыс таппақ түгілі, таза шығынға батқан. Дейтұрғанмен, билік жоспарды орындау міндетті екенін алдын ала ресми ескерткен көрінеді.

 

Бір күн жұмыс істеген «тегін банк»

АҚШ-та 21 жастағы видеоблогер Джимми Дональдсон «тегін банк» ашып, тұтынушыларға сұраған ақшасын қайтарымсыз бере бастады. Бұл үшін ол нағыз банк үйін жалға алып, қызметкерлердің орнына өзінің достарын отырғызды.

Тұтынушылардың ішінде отаны – Гавайға ұшу үшін 3,5 мың доллар сұраған әйел болды. Оның мәселесі табанда шешілді. Енді бір әйел жүрегіне ота жасалған күйеуінің медициналық есебіне 7 мың доллар аудартқан. Жалпы, қанша ақша берілгені жөніндегі дерек айтылмайды, бірақ «банк» бір-ақ күн жұмыс істеген. Блогер түсірген бейнебаянда қуаныштан көз жасына ерік бергендер жігіттің жомарттығына шексіз алғысын білдірді.

 

Министр үшін кешірім сұрады

Эстонияның Ішкі істер министрі Финляндияның енді тағайындалған 30 жастағы әлемдегі ең жас премьер-министрі жөнінде «саудагер және оның елді басқару қабілеті күдік туғызады» деген ойланбай айтқан сөзі үшін осы елдің президенті К.Кальюлайд фин билігінен кешірім өтінді.

Кальюлайд Финляндия президентінен жаңа премьер-министр С.Марин және оның үкіметіне осы кешірім сөзін жеткізуін сұрады.

Сайып келгенде 70 жастағы Эстонияның Ішкі істер министрі М.Хельме өз партиясындағы ток-шоудағы радиодан берілген сөзінде: «Қарап отырсаңыз қайдағы бір сатушы премьер-министр болып, енді көшедегі басқа да белсенділер және білімсіз, сауатсыз адамдар кабинетке келуі мүмкін» делінген.

 

Қ.ИМАН.           

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *