450-ге жуық бастама: алматалықтарды «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ұнаған жобаға дауыс беруге шақыруда

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды. Тұрғындардың жобаларына дауыс беру осы жылдың 11-23 қараша аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жазылтаева айтып берді.

Осы жылы қала тұрғындарынан 796 жоба бойынша ұсыныстар келіп түсті, бұл 2019 жылғы өтінімдер санынан 2 есе көп. Дауыс беру кезеңіне 448 бастама жіберілді.

Спикер бұл жобаларға Алматы қаласында тұрақты тіркелген, кәмелеттік жасқа толған тұрғындар ғана дауыс бере алатындығын, әрі бір тұрғынның тек 3 жобаға ғана дауыс бере алатындығын атап өтті. 10-нан аса дауыс жинаған жоба жүзеге асыруға жолданады.

Тұрғындар екі тәсілмен: онлайн және қағаз арқылы дауыс бере алады.

Онлайн дауыс беру budget.open-almaty.kz. порталында өтеді. Ол үшін сайтқа кіріп, «Дауыс беру» бөліміне өту керек, үштен аспайтын жобаны таңдағаннан кейін ЭЦҚ қолдану арқылы, болмаса ЖСН және телефон нөмірін көрсету арқылы дауыс беруді растау қажет.

Қағаз арқылы дауыс беру аудандық әкімдіктерде және Абай даңғылы, 90 мекен-жайындағы Open Almaty фронт-кеңсесінде өтеді. Дауыс берудің осы түрін таңдаған кезде тұрғындардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек, одан кейін қағаз формасын толтырып, дауыс жинайтын жәшікке салу қажет.

Одан ары қорытындысын шығару үшін дауыс беру нәтижелерінің негізінде сарапшылар кеңесі а.ж.25 қарашасынан кешіктірмей сәйкес шешімді шығарады. Дауыс беру нәтижелері мен сарапшы кеңестің шешімі әкімдіктің интернет-ресурсында, БАҚ-да жарияланады. Одан кейін жобаларды «Бюджетке қатысу» жобасының әкімшілері болып табылатын аудандық әкімдіктер жүзеге асырады.
«Тұрғындарды ұнаған жобаларға дауыс беруге шақырамын. Жақсы жобалардың көп екенін атап өткім келеді. Биылғы жылы келіп түскен ұсыныстар саны көп болды, аудандар бойынша белсенділік айтарлықтай жоғары», — деп қорытындылады Ж.Жазылтаева.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *