356 радио және теледидар стансасы салынды

Биыл елімізде цифрлық теле және радио хабар таратылуын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталады 

Осы жылдың соңында еліміздің бірқатар облыстарында цифрлық теле және радио хабар таратылуды кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталады. Бірінші кезеңі Маңғыстау (қазан айы), Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан (желтоқсан айы) облыстарын цифрлық телевизиямен толық қамтымақшы.

Еліміздің өзге аймақтарында цифрлық телевизияны енгізу жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Аталған жұмыстар жоспар бойынша, 2021 жылы аяқталатын аналогтық телевизия хабарын таратуды өшіру жұмыстарымен қатар жүргізілетін болады. Цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген болатын.

Жоба бойынша 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Ол бойынша құрылыс жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізілуде және бүгінгі таңда 356 станса салынды. Жылдың соңына дейін тағы 292 станса құрылысын аяқтау жоспарлануда, ол халықтың 94 пайызын цифрлық хабар таралымымен  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалған 179 стансаны 2019-2020 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда. Цифрлық хабар тарату жүйесі халыққа облыстық орта­лықтар мен Астана, Алматы қала­ларында 30 отандық теле­арнаны, сондай-ақ, ауылдық елді-мекендерде 15 теле­арнаны абоненттік өтемақысыз цифрлық сапада көруге мүмкіндік береді.

Осылайша цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмен­детеді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дамыту үшін сапалы жаңа мүмкіндіктер береді.

 

Ақпарат және коммуникация министрлігі

Баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *