«30 жылдың 30 сәті»

Үстіміздегі жылдың

11 қазанында, сағат

18.00-де Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайында «Алматы ақшамы» газетінің

30 жылдығына арналған

«30 жылдың 30 сәті» атты фотокөрме ашылады.

«Алматы ақшамы» газеті шыға бастағаннан қала тір­шілігі мен қала тарихынан сыр шертіп, алып мегаполисіміздің болашағы туралы да жұрт­шылықты жан-жақты хабар­дар етіп келеді.

Басылым беттерінде жария­ланған фотомұрағаттар мен қала өмірін, тұрғындар тір­шілігін бейнелейтін фото­материалдар легі өз алдына бір әлем. Олардың әрбірі туралы жеке тоқталып, кеңінен әңгіме қозғауға болады.

Көрмеге газеттің редакция­сында қызмет еткен, сондай-ақ осы басылымдардың дамуына үлес қосқан белгілі фото­тілшілер – Самат Құсайынов, Шүкір Шахай, Нұрғиса Елеу­беков, Жеңіс Ысқабай, Сәр­сенбек Қызайбекұлы түсірген таңдаулы фотосуреттер мен газеттердің тарихынан сыр шертетін материалдар, газет қызметкерлерінің кітаптары қойылады.

Көрменің ашылуына басы­лымдардың басшылары, сон­дай-ақ мәслихат депу­таттары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *