«30 жылдың 30 сәті»

Бүгін сағат 18.00-де Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі 137 (Жамбыл көшесінің қиылысы) «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына арналған «30 жылдың 30 сәті» атты фотокөрме ашылады.
«Алматы ақшамы» газеті шыға бастағаннан қала тіршілігі мен қала тарихынан сыр шертіп, алып мегаполисіміздің болашағы туралы да жұртшылықты жан-жақты хабардар етіп келеді.
Басылым беттерінде жарияланған фотомұрағаттар мен қала өмірін, тұрғындар тіршілігін бейнелейтін фотоматериалдар легі өз алдына бір әлем. Олардың әрбірі туралы жеке тоқталып, кеңінен әңгіме қозғауға болады.
Көрмеге газеттің редакциясында қызмет еткен, сондай-ақ осы басылымдардың дамуына үлес қосқан белгілі фототілшілер – Самат Құсайынов, Шүкір Шахай, Нұрғиса Елеубеков, Жеңіс Ысқабай, Сәрсенбек Қызайбекұлы түсірген таңдаулы фотосуреттер мен газеттердің тарихынан сыр шертетін материалдар, газет қызметкерлерінің кітаптары қойылады.
Көрменің ашылуына басылымдардың басшылары, сондай-ақ мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысады.