30-31 тамыз күндері Алматыда жетінші мәрте халықаралық кәсіби Tour of Almaty веложарысы өтеді

UCІ талаптарына сәйкес халықаралық кәсіби вело­жарысқа кәсіби командалар, құрлықтық командалар, сонымен қатар ұлттық құрамалар қатыса алады.

Биылғы жылы «Tour of Almaty» пело­тоны әлемнің әр бөлігінен келген 21 ко­манданы бір жерге жинамақ. Көпкүндік Asіa Tour-дың бір бөлігі екенін ескеретін болсақ, дәстүрлі түрде оған бірнеше азия­лық командалар қатысады. Олардың арасын­да малайзиялық екі велокоманда — TERENGGANU ІNC TSG CYCLІNG TEAM және TEAM SAPURA CYCLІNG бар. Олар әр түрлі тапсырмаларды орын­дауымен ерекшеленеді. Жергілікті шабан­доздар трек саласындағы тамаша дайын­дығымен спринтерлік командаларды құраса, шетелдіктер екінші кезеңдегі және бас классификациядағы жоғарғы орындар үшін таласқа түседі.

Олардың географиялық көршілері әрі қарсыластары құрама жасақтау барысында әр түрлі қағидаларға сүйене отырып жинақталған. Жапониялық ІNTERPRO CYCLІNG ACADEMY тек бір ғана жапо­ниялық  шабандоздан және алты легионер­ден құралғанын жариялады. Гонконгтан келетін HKSІ PRO CYCLІNG TEAM жергілікті спортшыларына үміт артып отыр. Және олардың бапкері атақты франциялық маман Эрве Дагорне

Алматыға былтыр Симон Пеллоның жетекшілігімен жалпы есепте 2-орын иелен­ген америкалық TEAM ІLLU­MІNATE командасы да келеді.

Сонымен қатар, көпкүндіктің жарыс жолына бірден үш ұлттық командалар – Қазақстан, Түркия, Әзербайжанның құрамалары шығады. Жарысқа қатысатын GAZPROM-RUSVELO, DELKO MAR­SEІLLE PROVENCE и NERІ SOTTOLІ – SELLE ІTALІA – KTM құр­лықтық коман­далары да алға үлкен мақсат қойып отыр. Және Александр Власов, Жюльен эль Фарес және Хавьер Морено сияқты шабан­доздардың жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алатындай мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтарға да  жанкүйерлік ететін командалар болады. Ұлттық құра­мадан бөлек жарыс жолына VІNO-ASTANA MOTORS, APPLE TEAM, соны­мен қатар көпкүндікке дәстүрлі түрде қатысып жүрген ASTANA PRO TEAM командалары бар. Ескере кететін бір жәйт, биылғы жылы сайысқа  Әлемдік турда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық велоко­манда атынан тек отандық шабандоздар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық кәсіби Tour of Almaty веложарысы қа­тарынан үшінші жыл екі күн өтеді. Ал­ғаш­қы күні, 30 тамыз шабандоздар Индуст­риалды саябақ аумағында 118,6 шақырым  жарыс  жолын  жүріп өтеді. Екінші күні, 31 тамыз жарыс бұрынғы бағыт бойынша өтеді. 160 шақырымдық кезең «Медеуде» өз мәресіне жетпек.

«Ақшам-ақпарат». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *