3 МЕЗГІЛ ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРАТЫН АСХАНА АШЫЛДЫ

Бүгін шаһардағы Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысындағы мекен-жайда аптаның бес күні бойы тегін тамақ беретін асхана ашылды. Әлеуметтік аз қамтылған 100—120 адамды күніне үш мезгіл тамақтандыра алатын асхана «Уақып» деп аталған.

Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қар­масына қарасты Алматы қаласы Орта­лық мешіті және қолы ашық, қайырымды азаматтардың ұйытқы болуымен ашылған асхана жыл бойы тегін қызмет етпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Оң қолың берген садақаны сол қолың білме­сін» дегендей, демеушілер өз аттарының құпия болғанын қалаған.

–       Орталық мешітке әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы нашар, жалғызбасты аналар, жетімдер, мүсәпірлер, тағдырдың тауқыметімен қиындық көріп жүрген жан­дар келіп тіркеліп, түрлі әлеуметтік көмек алып тұрады. Соның бәрі мешіттің жанын­дағы «Ықылас» қайырымдылық қорына тіркеледі. Міне, асханадан осындай жандар тамақтана алады. Күніне бір кірген адам екінші немесе үшінші рет тамақтануына болады,– деді Орталық мешіттің наиб-имамы Ермек Көкірекбаев.

Айта кетсек, асхана қазір 7-8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар ай сайын өздеріне тиесілі еңбекақысын алады. Әлеу­меттік көмекке шынымен мұқтаж таныс не көршілеріңіз болса, оларға осы мекен-жайды айта жүрсеңіздер болады, – дейді Орталық мешіт қызметкерлері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *