24 қаңтар – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнi

МӘУЛIТ МЕРЕКЕСI

Дүниедегi барлық адамдарға пайғамбар ретiнде жiберiлген пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемi Мұхаммед (с.ғ.с.) 571 жылы сәуiрдiң 20-ына сай келген рабиуләууәл айының 12-сi дүйсенбi күнi түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келдi. Әр үммет үшiн өз пайғамбарының туылған күнi мереке болып есептеледi. Бүгiн де мұсылмандардың мерекесi. Қуаныш пен шаттық күнi. Әлемдегi мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәулiт түнi» болып тойланады, барлық жерде мәулiт қасидасы, өлеңдерi оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәулiт – туылған сәт дегендi бiлдiредi.

Пайғамбарымыз мәулiт түнiнде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезiнде болған оқиғаларды айтатын. Хазiретi Әбу Бәкiр халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегi ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түнi пайғамбарымыз туылған кездегi байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты iс болады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлi мәулiт қасидалары бар. «Мәулiт оқу» пайғамбардың дүниеге келуiн, миғражы мен өмiрi туралы айту, оны еске түсiру, оны мадақтау дегендi бiлдiредi. Мәулiт түнi қадiр түнiнен кейiнгi ең қадiрлi түн. Бұл түнi пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешiрiледi.

Хадис шәрифтерде былай бұйы- рылған: «Менi әке-шешесiнен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтiрген бола алмайды». «Бiр нәрсенi қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есiне алады». «Пайғамбарларды еске түсiру ғибадат болып саналады». Бұл түнi сазды аспаптар және басқа да харам нәрселердi араластырмай, еркек-әйел араласпай, Алла ризалығы үшiн мәулiт жиындарын ұйымдастыру, мәулiт оқу, салауат айту, халыққа дәмдi тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады. Бұл күнi Құран-кәрiм оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ тағаладан күнәларымыздың кешiрiлуiн тiлеу керек.

Islamdini.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *