23 мың кітап ұрлаған

Ұрлықтың жақсысы болмайды, әрине. Мұн­дайда «Ұрлық түбі қор­лық» деп те қойған біздің қазақ. Дейтұрғанмен де, кітап ұрлағанның айыбы жоқ деп те жатады. Осы тұрғыдан келгенде, қуа­нуға да болатын шығар. Біреулер оны жақсы ырымға да балап жатады. Кітапханасында бес мың кітабы бар қайран Қадыр ағамыз үйіне келген кісі­ні қатты қысып, құшақ­тап қоштасады екен деген әзіл де содан қалған.

Қалай болғанда да, қалай аяқталса да бұл да қылмыс түріне жатады. Сол арқылы байып кет­кен де адамдар бар та­рих­та. Мәселен, атақты кі­тап ұрлағыш (биб­лио­клептоман) Стивен Блум­берг деген кісі 23 мың құн­ды кітап ұрлап, та­рих­та аты қалды. Қан­дай мақсатпен ұрлағаны бел­гісіз. Дейтұрғанмен де, аса құнды кітаптар бол­ған соң тағдыры да оңай болмағаны түсінікті ғой.

 

А.БАТЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close