208 КӨШЕГЕ БІРІНШІ РЕТ ЖАРЫҚ ОРНАТЫЛУДА

Алматыда жыл соңына дейін 208 көшеге жарық берілетін болды.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында көше жарық­тан­дыру желілері құрылысының барысы қаралды.

Бірнеше ай бұрын әкімнің тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Бүгінде бұрын жарық жүйесі болма­ған 208 көшеге жарық орнату жұмыстары аяқта­луға жақын. Шамамен төрт мыңға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, әкім тапсырмасына сәйкес сынған және зақымдалған жарық нүктелерін анықтау үшін күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жиналыста қала әкімі атап өткендей, сапа мен қызмет көрсету үнемі бақылауда болмақ.

Келесі жылдың соңына дейін қаланың жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *