2025 жылға қарай Қазақстанның барлық ауылдары интернетпен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы еліміздегі ең іргелі оқу орнының бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының профессорлық-оқытушылық құрам мен жастар ұйымдары өкілдерімен болған кездесуде айтылды.
Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Зағипа Балиева, Амангелді Дәуренбаев, «Болашақ» Қауымдастығының президенті Бақтияр Мәкен, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков және ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов қатысып, ой-пікірлерін білдірді.
Зағипа Балиева өз сөзінде бүгінде Мәжілісте 27 заң қабылданғанын, оның 3-уін Елбасының өзі жариялағанын және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы, «5 әлеуметтік мәселе», «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының еліміз бойынша жүзеге асырылу барысы туралы айтып өтті.
«Nur Otan» партиясының ХІХ Сьездіне Елбасы әлеуметтік саланы дамытудың кешенді үш бағытын белгіледі: — тұрғындардың аз қамтылған топтарының табысын көтеру және қолдау; — табысы аз азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу мәселесін шешу және білім мен денсаулық салаларын жақсарту; — өңірлерді кешенді дамыту. Осы орайда, «Nur Otan» еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде осы партияның алдына қойылған барлық міндеттердің орындалуын ұйымдастырумен қатар, олардың сапасына да тұрақты түрде бақылау жүргізеді», — деп атап өтті.
Депутат үш бағыттың ішіндегі ең өзектісі – біздің мемлекетімізде жағдайы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы аналарға жағдай жасау, баспана мәселесін шешуде үлкен жұмыстар атқарылғанына тоқталды. Сондай-ақ 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты, білім және денсаулық саласында білімнің сапасын көтеру бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.
«Бүгінде жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту, студенттерді қабылдау мәселелерін анықтау, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылар контингенті арасындағы қатынасты белгілеу, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын, оқу жоспарлары мен пәндердің оқу бағдарламаларын анықтау бойынша қосымша құзыреттер қарастырылған, — деді З.Балиева.
Сондай-ақ, депутаттар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының пікірлерін тыңдап, еліміздің ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелерін талқылады.
«Америкада тұрғындардың 5 пайызы ғана ауылдық жерлерді мекендейді екен, ал қалған 95 пайызы қалаларда тұрады. Болашақта халықымыздың 30 пайызы ауылдық мекендерде тұрады, әсіресе басты назарда — жастар. Ол үшін инфраструктура, жол т.б. барлық жағдайлар жасалуда. Мысалы, 2025 жылға қарай Қазақстанның барлық ауылдарын интернетпен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылып жатыр», — Амангелді Дәуренбаев.
Университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Есполов 88 жылдық тарихы мен ұлттық мәртебесі бар оқу орнының еліміздегі аграрлық ғылым мен білімнің қара шаңырағына арнайы келген депутаттарға алғыс білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *