2020 жылы елімізде кімдер салықтан босатылады?

Жақында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылдан бастап арнайы салық тәртібін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан босатылатыны туралы атап айтты. 

Қаржы министрі Ә.Смайылов «Енді 2020 жылдан бастап арнайы салық тәртібін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан 3 жылға дейін босатылатын болады. Бірақ та жер қойнауын пайдаланушылар мен акцизделінетін тауар өндірушілерге, ойын бизнесі және сыртқы экономикаға қатысушыларға бұл жеңілдіктер жүрмейді болады», – деп атап көрсетті.

Оның сөзіне сүйенсек, енді орта және шағын кәсіп ұйымдарын тексеруге 3 жылға мораторий жарияланатын көрінеді. Дегенмен де, министр бұл жағдай кәсіпкерлердің кедендік, салықтық комиссия және қылмыстық іске байланысты тексерістерден босатылады деген сөз емес екендігін қосты.

Әлихан Смайылов шағын және орта кәсіп өкілдерінің онлайн төлемдерді атқаратын кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды іске қоса отырып, кіріс пен шығыс туралы салықтық есеп беру отырулары қажет деп ескертті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *