2020 жылдың 5 маусымы күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

 

Кіреберістер мен аулалар бойынша
4 маусымға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 444 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 73 850 мың литр дайын ерітінді қолданылды.
5 маусымдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула өңделді.
Жұмысқа 444 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша
4 маусым күні 5 077 мың шаршы метр көше, оның ішінде 653 сауда нысандарының, 42 медицина мекемелерінің, 3 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 65, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 37, Бостандық ауданы – 31, Жетісу ауданы – 100, Медеу ауданы – 75, Наурызбай ауданы – 66, Турксіб ауданы — 237) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 848 мың шаршы метр тротуарлар және 1118 басқа да нысандар, 198 контейнерлік алаң мен 988 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлардың, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 150 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 74 бірлік);
– 1209 жол жұмысшысы (оның ішінде 138 дезинфектор).
565 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 27 249 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 399 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құрады.
5 маусым күні атқарылатын жоспарлы жұмыстар:
– 135 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);
– 1199 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *