2020 жылдың 26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

 

Кіреберістер мен аулалар бойынша
25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды.
26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша
25 мамыр күні 5 123 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда нысандарының, 43 медицина мекемелерінің, 6 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 59, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 55, Бостандық ауданы – 22, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 94, Наурызбай ауданы – 68, Турксіб ауданы — 237) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 742 мың шаршы метр тротуарлар және 1134 басқа да нысандар, 208 контейнерлік алаң мен 1007 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 158 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 77 бірлік);
– 1209 жол жұмысшысы (оның ішінде 135 дезинфектор).
560 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 21 724 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 21 724 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құрады.
26 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 159 бірлік арнайы техника (оның ішінде 77 бірлік дезинфекцияға);
– 1219 жол жұмысшысы (оның ішінде 137 дезинфектор).
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close