2020 жылдың 23 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша
22 маусым күні 6 564 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда нысандарының, 43 медицина мекемелерінің, 6 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы – 59, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 55, Бостандық ауданы – 22, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 94, Наурызбай ауданы – 68, Турксіб ауданы — 237) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 643 мың шаршы метр тротуарлар және 1164 басқа да нысандар, 211 контейнерлік алаң мен 1057 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.


Көшелер мен тротуарлардың, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 141 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 83 бірлік);
– 1186 жол жұмысшысы (оның ішінде 152 дезинфектор).


690 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 36 686 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 684 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1130 тоннаны құрады.
23 маусым күні атқарылатын жоспарлы жұмыстар:
– 135 бірлік арнайы техника (оның ішінде 79 бірлік дезинфекцияға);
– 1176 жол жұмысшысы (оның ішінде 137 дезинфектор).
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *